https://sputnik.kz/20230911/qazmunaygaz-munaydyn-otandyq-brendi-kebco-ondirisin-bastady-38353625.html
"ҚазМұнайГаз" мұнайдың отандық бренді KEBCO өндірісін бастады
"ҚазМұнайГаз" мұнайдың отандық бренді KEBCO өндірісін бастады
Sputnik Қазақстан
Президент ұлттық компания басшылығына көмірсутегі экспортын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді 11.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-11T14:55+0500
2023-09-11T14:55+0500
2023-09-11T14:55+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1d/15087516_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_687b1dec768d7aa5cff81eaef6c2e73f.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компания қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет берілді. Биылғы 8 айда мұнай және газ конденсатын өндіру, мұнай тасымалдау және қайта өңдеу көрсеткіштері бойынша өсім бар екені аталып өтті.Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнайдың отандық бренді KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) өндірісін бастады. Қазіргі таңда KEBCO мұнайының экспорт көлемі тұрақты түрде артып келеді. Бұл ретте KEBCO мұнайының бағасы биылғы тамыз айында Brent мұнай маркасының бағасынан асып түсті.Сонымен қатар мемлекет басшысына компанияның танкер флотын кеңейту, соның ішінде Каспий теңізі мен басқа да ашық теңіз акваторияларында энергетикалық ресурстарды тасымалдауға арналған ірі тоннажды танкерлер санын көбейту жұмыстары туралы мәлімет берілді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның өңірлерде жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалары жөнінде есеп берілді. Атап айтқанда, президентке Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын ауызсумен қамтамасыз ету үшін жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталғаны және Астрахан – Маңғышлақ магистральды су құбырын реконструкциялау жұмыстарының барысы жөнінде баяндалды.Кездесу соңында мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экспортын арттыру және геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ президент мұнай мен газды терең өңдеу саласына баса мән беру маңызды екенін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1d/15087516_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_0fc892c483883b838ffb1ef185ebb1da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
"ҚазМұнайГаз" мұнайдың отандық бренді KEBCO өндірісін бастады
Президент ұлттық компания басшылығына көмірсутегі экспортын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компания қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет берілді. Биылғы 8 айда мұнай және газ конденсатын өндіру, мұнай тасымалдау және қайта өңдеу көрсеткіштері бойынша өсім бар екені аталып өтті.
Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнайдың отандық бренді KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) өндірісін бастады. Қазіргі таңда KEBCO мұнайының экспорт көлемі тұрақты түрде артып келеді. Бұл ретте KEBCO мұнайының бағасы биылғы тамыз айында Brent мұнай маркасының бағасынан асып түсті.
"Сондай-ақ президентке мұнай өңдеу зауыттарынан жанар-жағармай жөнелту қарқыны, соның ішінде күзгі жиын-терін маусымында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету ісі жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" компаниясы егін жинау науқанына 426 мың тонна дизель отынын бөлген", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшысына компанияның танкер флотын кеңейту, соның ішінде Каспий теңізі мен басқа да ашық теңіз акваторияларында энергетикалық ресурстарды тасымалдауға арналған ірі тоннажды танкерлер санын көбейту жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның өңірлерде жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалары жөнінде есеп берілді. Атап айтқанда, президентке Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын ауызсумен қамтамасыз ету үшін жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталғаны және Астрахан – Маңғышлақ магистральды су құбырын реконструкциялау жұмыстарының барысы жөнінде баяндалды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экспортын арттыру және геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ президент мұнай мен газды терең өңдеу саласына баса мән беру маңызды екенін атап өтті.