Қазақстанда 35 мың ресейлік ресми түрде жұмысқа орналасқан

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Жазылу
2022 жылы Қазақстанда ресми түрде жұмысқа тұрған ресейліктердің саны шамамен 22 мың адам болған
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда шамамен 35 мың Ресей азаматы ресми түрде жұмысқа орналасқан, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанға келетін ресейліктердің жалпы санына шаққанда жұмысқа тұратын азаматтар көп емес.

"2023 жылы шілде айында жұмыс берушілер Ресей Федерациясының 34 769 азаматы үшін міндетті зейнетақы жарнасын аударды", - деді көші-қон комитеті мамандары РИА Новости порталына берген жауабында.

Қазақстанға келген ресейліктер көбінесе өнеркәсіптік өндірістің менеджері мен жетекшісі, консалтинг, қаржы, сақтандыру нарығы, ақпараттық технологиялар мен логистика саласындағы маман болып жұмыс істейді.
2022 жылы Қазақстанда ресми түрде жұмысқа тұрған ресейліктердің саны шамамен 22 мың адам болған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша 2022 жылы Қазақстанға 2,9 миллион Ресей азаматы кірген. Олардың басым бөлігі жазда, яғни, демалыс пен туризм кезеңінде келді. Ол уақытта 1,2 миллион ресейлік шекарадан өткен.
Жаңалықтар
0