Нұртілеу: Түркия – Қазақстанның төртінші орындағы сауда әріптесі

В Астану прибыл глава МИД Турции Хакан Фидан
В Астану прибыл глава МИД Турции Хакан Фидан - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Жазылу
Былтыр екі елдің тауар айналымы 6,3 млрд долларға жеткен
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Былтыр Түркия мен Қазақстанның тауар айналымы көлемі 6,3 млрд долларды құрады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Түркия Республикасы – Қазақстанның төртінші орындағы сауда әріптесі. Өткен жылы тауар айналымының көлемі 6,3 млрд долларға жетсе, осы жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 3,6 млрд долларды құрады. Алдағы меже – осы алған екпінді жоғалтпай, тауар айналымын арттыру", - деді Нұртілеу Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша БАҚ-қа жасаған мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, орта және шағын кәсіпкерлер құрған кәсіпорындар бойынша да елеулі нәтижеге қол жеткізілді. Түркияның капиталымен елімізде 4300-ден астам компания жемісті жұмыс атқарып жатыр.
"Осы уақытқа дейін Түркия Қазақстан экономикасына 4,7 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция құйып, ең ірі инвесторлардың ондығына кірді. Бүгінгі таңда 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оған қоса 50 жаңа жоба пысықталып жатыр. Биыл бұл үрдіс жалғасып, 1 тоқсанның қорытындысы бойынша елімізге келген түрік капиталы 112 млн долларды құрады. Екі мемлекет болашақта инвестиция көлемін ұлғайтуға мүдделі", - деді Қазақстан СІМ басшысы.
Сонымен қатар ол Қазақстанда жасыл экономика, IT-технология, ғарыш, өндіріс сияқты салалардың әлеуеті зор екенін атап өтті. Сондықтан қазақ жеріне келуге ынталы түрік компаниялары мен кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, деді Нұртілеу.
Жаңалықтар
0