ЕАЭО-да өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,8 пайызға артты

© Photo ЕАЭО тулары
 ЕАЭО тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. 2023 жылдың қаңтар-шілдесінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнеркәсіптік өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,8%-ды құрады.
Есепті кезеңде ЕАЭО-да өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6,1%-ға, электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа баптау саласында 0,4%-ға өсті; тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 2022 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгеймен салыстырғанда – 0,7%-ға, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау саласында 3,2%-ға төмендеді.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісі Беларусьте – 7,1%-ға, Қазақстанда – 3,6%-ға, Ресейде – 2,6%-ға, Арменияда – 0,5%-ға артты; Қырғызстанда 1,8%-ға төмендеді.
Жаңалықтар
0