Алматыда депутат тұратын пәтердің алдына от қойып кеткен адам ұсталды

© AP Photo / Gregorio BorgiaМужчина на фоне тюремной решетки, архивное фото
Мужчина на фоне тюремной решетки, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Жазылу
8 қыркүйекте Алматыда белгісіз біреу мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің пәтері алдында бесік арбаны өртеп жіберген
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Алматыда депутат Бақытжан Базарбектің баласы жататын бесік арбаны өрттеп жіберген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрліген сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, жедел іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетері, 8 қыркүйекте Алматыда белгісіз біреу мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің пәтері алдында бесік арбаны өртеп жіберген. Сол кезде Базарбек отбасына белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұксайтын әрекеттердің басталғанын мәлімдеді.
Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 900 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жүмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал адамдар тобымен жасалған әрекет үшін жаза бұдан да қатаң болады.
Депутаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Қоғам
Депутат Бақытжан Базарбек казинодағы фотосына қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар
0