ЕАЭО-да жұмыссыз жүргендердің саны 12,4 процентке азайды

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2023
Жазылу
2023 жылы шілденің соңындағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны 912,3 мың адамды құрады
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде тіркелген жұмыссыз адамдардың саны азайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметіне сәйкес, 2023 жылы шілденің соңындағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны 912,3 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 12,4 процентке төмен.
Осылайша, ЕАЭО-да барлық жұмыс күшінің 1 проценті ғана жұмыссыздардың үлесіне тиіп отыр. Былтыр осы көрсеткіш 1,1 процент болған.
Ал Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жұмыссыздықтың деңгейі барлық жұмыс күшінің 3,8 процентін (2023 жылдың I тоқсаны) құрап отыр.
Арменияда – 13,7 процент (2023 жылдың I тоқсаны);
Беларусьта – 3,4 процент (2023 жылдың I тоқсаны);
Қазақстанда – 4,7 процент (2023 жылдың I тоқсаны);
Қырғызстанда – 4,9 процент (2023 жылдың I тоқсаны);
Ресейде – 3,2 процент (2023 жылдың I тоқсаны).
Жаңалықтар
0