Тоқаев Тәжікстан президентіне жеделхат жолдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон
Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2023
Жазылу
Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонды және тәжік халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ынтымақтастық жаңа мән-мазмұнға ие болды және байланыстарымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне толық сай келеді", – деп жазылған жеделхатта.
Президент бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстан мен Тәжікстанның көпжақты қарым-қатынасы алдағы уақытта екі елдің игілігі мен мүддесі үшін нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Тоқаев Тәжікстан президентіне мен энергетика саласындағы міндеттемелер үшін алғыс айтты
Жаңалықтар
0