https://sputnik.kz/20230909/premer-ministr-qashagandagy-gaz-ondeu-nysandarynyn-qurylysyn-tezdetudi-tapsyrdy-38302477.html
Премьер-министр Қашағандағы газ өңдеу нысандарының құрылысын тездетуді тапсырды
Премьер-министр Қашағандағы газ өңдеу нысандарының құрылысын тездетуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Үкімет басшысы елімізді мұнай-газ ресурстарымен қамтамасыз етуде Қашағанның рөлі маңызды екенін атап өтті 09.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-09T10:25+0500
2023-09-09T10:25+0500
2023-09-09T11:20+0500
премьер-министр
мұнай кен орыны
https://sputnik.kz/img/07e7/09/09/38301649_0:19:1280:739_1920x0_80_0_0_bfd69de3622934f33dcce3f02d08f2ad.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Оливье Лазардың қатысуымен Қашаған консорциумына акционер компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Кездесуде Консорциум қызметіндегі өзекті мәселелер, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және республиканың табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы талқыланды.Үкімет басшысы елімізді мұнай-газ ресурстарымен қамтамасыз етуде Қашағанның рөлі маңызды екенін атап өтті. Бұл тек өндіру операцияларына ғана емес, сонымен бірге көмірсутек шикізатын кешенді өңдеуге де қатысты. Осыған байланысты Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа зауыттардың құрылысын тездету қажеттігі айтылды.Бұдан бөлек, премьер-министрдің айтуынша, Консорциумның негізгі міндеті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, кен орындарын толық игеру мәселелері болуға тиіс."Біз Консорциумның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз", - деді Әлихан Смайылов.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын барлық мәселелерді ҚР заңнамасында бекітілген құқықтар мен міндеттерді сақтай отырып, сындарлы жолмен шешуге дайын екендігін білдірді.
https://sputnik.kz/20230719/ukimette-qashagan-ken-ornyn-igerudin-ozekti-maseleleri-talqylandy-36882603.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/09/38301649_136:0:1145:757_1920x0_80_0_0_6d1adce91dbe0935bfbe1b491817c7f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
премьер-министр, мұнай кен орыны
премьер-министр, мұнай кен орыны
Премьер-министр Қашағандағы газ өңдеу нысандарының құрылысын тездетуді тапсырды
10:25 09.09.2023 (жаңартылды: 11:20 09.09.2023) Үкімет басшысы елімізді мұнай-газ ресурстарымен қамтамасыз етуде Қашағанның рөлі маңызды екенін атап өтті
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Оливье Лазардың қатысуымен Қашаған консорциумына акционер компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Кездесуде Консорциум қызметіндегі өзекті мәселелер, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және республиканың табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы талқыланды.
Үкімет басшысы елімізді мұнай-газ ресурстарымен қамтамасыз етуде Қашағанның рөлі маңызды екенін атап өтті. Бұл тек өндіру операцияларына ғана емес, сонымен бірге көмірсутек шикізатын кешенді өңдеуге де қатысты. Осыған байланысты Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа зауыттардың құрылысын тездету қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, премьер-министрдің айтуынша, Консорциумның негізгі міндеті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, кен орындарын толық игеру мәселелері болуға тиіс.
"Біз Консорциумның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз", - деді Әлихан Смайылов.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын барлық мәселелерді ҚР заңнамасында бекітілген құқықтар мен міндеттерді сақтай отырып, сындарлы жолмен шешуге дайын екендігін білдірді.