Атбасар түрмесінің 11 қызметкері жұмыстан шығарылды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Атбасар түрмесінде қоғам белсендісі Тимур Дәнебаевты ұрып-соғуға қатысы бар 11 қызметкер жұмыстан шығарылды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, резонанс тудырған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды КТК.
Үлкен шу тудырған видео 3 қыркүйек күні жарияланған. Онда Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда түрме қызметкерлері ер адамды жерге жатқызып қойып төмпештеп жатыр. Кейін белгілі болғандай, соққыға жығылған қоғам белсендісі Тимур Дәнебаев екен.
Комитеттің мәліметінше, түрмеде шұғыл түрде тексеріс жүргізіліп, өзге де сотталушылардың жай-күйі, денсаулығы жіті қаралуда. Қазір Бас прокуратура да қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал қызметін асыра пайдаланды деп жұмыстан шығарылған 11 қызметкер өз бейне үндеулерін жариялап үлгерді. Айтуларынша, Дәнебаев ішкі тәртіпке бағынбаған.
Түрме ішінде кикілжің туғызып, темір торға тоғытылған өзге сотталушыларға кері әсерін тигізгендіктен, арнайы құрал мен білек күшін қолдануға мәжбүр болдық дейді олар. Экс-қызметкерлердің жазбасына қатысты қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы түсініктеме берді.
"Мекеме әкімшілігінің талаптарына бағынбау фактісі бойынша мекеме қызметкерлерінің арнайы құралдарды пайдалану әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері байқалады. Бұл факті бойынша қызметтік тексеріс өткізіп, тәртіптік комиссияның шешімімен облыстық департамент бастығы, оның орынбасары, сондайақ мекеменің бастығы қызметінен босату жөнінде ұсыныс берілді", - деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бөлім бастығы Қайрат Асыл.
Жаңалықтар
0