Алматыдағы тоғызқұмалақ ойыны Қазақстан рекордтар кітабына енгізілді – видео

© Photo : МИД КазахстанаЮНЕСКО включило Тогызкумалак в список нематериального культурного наследия
ЮНЕСКО включило Тогызкумалак в список нематериального культурного наследия - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2023
Жазылу
Бүгін тоғызқұмалақ ойынын 2028 адам бір уақытта ойнады
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Алматыда ұйымдастырылған тоғызқұмалақ ойыны Қазақстан рекордтар кітабына енгізілді. Ашық аспан астындағы турнирде бір уақытта 2 мыңнан астама ойнады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Былтыр Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы жыл сайын 9 қыркүйекті "Тоғызқұмалақ күні" ретінде атап өту туралы үндеу қабылдаған болатын.
Федерация президенті Әлихан Бәйменовтың айтуынша, бүгін тоғызқұмалақ ойынын 2028 адам бір уақытта ойнады.

"Оны Қазақстан рекордтар кітабының өкілі келіп тіркеп, жаңа Алматы қаласының федерациясына куәлігін берді. Бұл – тарихи күн. Бүгін тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрлі жарыстар өтіп жатыр. Сонымен қатар 9 мемлекетте түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Мына жақ шеті Бангладештен бастап, ана жақтағы Румыния, Латвия, тіпті Колумбияға дейін, ал Алматыда тоғызқұмалақтар жақсы, мықты бастамалар көтерілді", - деді Бәйменов.

Оның айтуынша, Алматыда тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионаты өтеді.
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы осы қаланы "тоғызқұмалақ ордасы" деп атауға шешім шығарды.
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
Байменов президентке тоғызқұмалақ федерациясының жұмысы туралы мәлімет берді
Жаңалықтар
0