Соңғы 5 жылдың ішінде туберкулезге шалдыққандар саны екі есе азайды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2023
Жазылу
Елімізде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың айтарлықтай өзгергені байқалады
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші екі есе төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 2018 жылы 81,7-ден 2022 жылы 36,5-ке дейін төмендеді, бұл 55,3%-ды құрайды және өлім-жітім 2018 жылы 7,4-тен 2022 жылы 1,6-ға дейін төмендеді, бұл 78,4%-ды құрайды.
2023 жылдың 8 айындағы көрсеткішті талдау кезінде туберкулезбен сырқаттану 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмендегені байқалады және 100 мың халыққа шаққанда 35,6-ны құрайды, сондай-ақ өлім-жітім 20%-ға төмендеді, бұл 100 мың халыққа шаққанда 1,2-ді құрайды.
Бұл факт Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың көпжылдық тұрақтанғанын көрсетеді.
Жаңалықтар
0