https://sputnik.kz/20230908/sinopec-qazaqstandyq-munayshylardy-kasibi-tagylymdamadan-otuge-shaqyrdy-38287300.html
Sinopec қазақстандық мұнайшыларды кәсіби тағылымдамадан өтуге шақырды
Sinopec қазақстандық мұнайшыларды кәсіби тағылымдамадан өтуге шақырды
Sputnik Қазақстан
Қытай компаниясы Қазақстанда жаңа мұнай-газ жобаларына қатысуға ниетті 08.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-08T10:10+0500
2023-09-08T10:10+0500
2023-09-08T10:10+0500
қытай
компания
https://sputnik.kz/img/07e7/09/08/38285143_62:0:1218:650_1920x0_80_0_0_6ea36ee4a08dc63185100b9b06bfcbe1.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Sinopec компаниясының президенті Юй Баоцай мұнай-газ саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Смайылов Sinopec компаниясының тікелей қатысуымен Атырау мұнай өңдеу зауыты модернизациялаудан өткенін атап өтті.Сондай-ақ ол президент биылғы жолдауында мұнай-газ химия өндірісін жедел дамыту міндетін қойғанын еске салды.Сонымен қатар Sinopec компаниясының еліміздегі басқа да перспективалық жобаларға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқаны аталды.Ал Sinopec компаниясының басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласы бойынша ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл екі ел халықтарының әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосуда.Бұдан бөлек, Sinopec президенті мұнай-газ саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/08/38285143_207:0:1074:650_1920x0_80_0_0_f712fc099d07f0e3145b97b4bf00ca29.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, компания
Sinopec қазақстандық мұнайшыларды кәсіби тағылымдамадан өтуге шақырды
Қытай компаниясы Қазақстанда жаңа мұнай-газ жобаларына қатысуға ниетті
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Sinopec компаниясының президенті Юй Баоцай мұнай-газ саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Смайылов Sinopec компаниясының тікелей қатысуымен Атырау мұнай өңдеу зауыты модернизациялаудан өткенін атап өтті.
Сондай-ақ ол президент биылғы жолдауында мұнай-газ химия өндірісін жедел дамыту міндетін қойғанын еске салды.
"Сол себепті негізгі "Полиэтилен" жобасы мұнай-газ химия өнеркәсібін дамытудағы маңызды кезең болып саналады. Оны жүзеге асыру ел экономикасына мультипликативті әсерін тигізбек. Sinopec компаниясы мұнай-газ химия саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі екенін ескерсек, компанияның жобаға тең құқылы серіктес ретінде келуі стратегиялық маңызды мәселе", — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Sinopec компаниясының еліміздегі басқа да перспективалық жобаларға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқаны аталды.
Ал Sinopec компаниясының басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласы бойынша ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл екі ел халықтарының әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосуда.
Бұдан бөлек, Sinopec президенті мұнай-газ саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді.