https://sputnik.kz/20230908/pavlodar-oblysynyn-akimi-aqsu-qalasynyn-qysqa-dayyndygyn-tekserdi-38284662.html
Павлодар облысының әкімі Ақсу қаласының қысқа дайындығын тексерді
Павлодар облысының әкімі Ақсу қаласының қысқа дайындығын тексерді
Sputnik Қазақстан
Қаладағы көпқабатты 264 тұрғын үйдің 87 проценті алдағы жылу беру маусымына дайын 08.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-08T07:55+0500
2023-09-08T07:55+0500
2023-09-08T07:55+0500
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/09/08/38282061_0:171:1820:1195_1920x0_80_0_0_a94d9eb9f7dcd3cffc93e9d9324dadad.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласында болды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.Ол 2017 жылы іске асырылып бастаған жоба – жаңа қазандыққа барды. Осы уақытқа дейін нысан пайдалануға берілмеген, өйткені, мердігер ұйым мемлекеттік сараптамадан өткен қолданыстағы бекітілген жобадан тыс қосымша ұсақтау жабдығын орнатқан.Бұған дейін облыс әкімі аталмыш жабдықты алып тастап, қазандықты іске қосуды немесе жобаға түзету енгізіп, оны заңдастыруды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта мердігер ұйым мемлекеттік сараптамаға қайта бағытталған жобаны түзетуде, оның нәтижелерін қазан айының соңына дейін алу жоспарлануда. Сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Сондай-ақ Асайын Байханов АФЗ аумағындағы қалалық жылу беру қазандығының да дайындығын тексерді. Мұндағы АФЗ қазандығының негізгі жабдықтарына ауқымды жөндеу науқаны жүргізілді, 4 қазандық жаңартылды және тағы 2 қазандыққа жөндеу жүргізілуде, оны қазан айында аяқтау жоспарлануда.Өңір басшысы Ақсудың тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралау қорытындысын жылу беру маусымы бойынша өткен кеңесте шығарды.Ақсу әкімі Нұрлан Дүйсембиновтың ақпараты бойынша, 5,2 км жылу желілерін жөндеу 90%-ға орындалды, жұмыс қыркүйек айының ортасына дейін толықтай аяқталады. Гидравликалық сынақтардан кейін анықталған магистральдық және орамішілік желілердегі 19 ақау 100% жойылды. Көпқабатты 264 тұрғын үйдің 87% немесе 230-ы алдағы жылу беру маусымына дайын.Өңір басшысы барлық көппәтерлі тұрғын үйлерді дайындауды 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде аяқтауды тапсырды.
https://sputnik.kz/20230830/ekibastuzda-qysqa-dayyndyq-qalay-zhurip-zhatyr-38055142.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/08/38282061_0:1:1820:1366_1920x0_80_0_0_8eac439230323cecd2dd9a0c185b63d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы
Павлодар облысының әкімі Ақсу қаласының қысқа дайындығын тексерді
Қаладағы көпқабатты 264 тұрғын үйдің 87 проценті алдағы жылу беру маусымына дайын
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласында болды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
Ол 2017 жылы іске асырылып бастаған жоба – жаңа қазандыққа барды. Осы уақытқа дейін нысан пайдалануға берілмеген, өйткені, мердігер ұйым мемлекеттік сараптамадан өткен қолданыстағы бекітілген жобадан тыс қосымша ұсақтау жабдығын орнатқан.
Бұған дейін облыс әкімі аталмыш жабдықты алып тастап, қазандықты іске қосуды немесе жобаға түзету енгізіп, оны заңдастыруды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта мердігер ұйым мемлекеттік сараптамаға қайта бағытталған жобаны түзетуде, оның нәтижелерін қазан айының соңына дейін алу жоспарлануда. Сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сондай-ақ Асайын Байханов АФЗ аумағындағы қалалық жылу беру қазандығының да дайындығын тексерді. Мұндағы АФЗ қазандығының негізгі жабдықтарына ауқымды жөндеу науқаны жүргізілді, 4 қазандық жаңартылды және тағы 2 қазандыққа жөндеу жүргізілуде, оны қазан айында аяқтау жоспарлануда.
Өңір басшысы Ақсудың тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралау қорытындысын жылу беру маусымы бойынша өткен кеңесте шығарды.
Ақсу әкімі Нұрлан Дүйсембиновтың ақпараты бойынша, 5,2 км жылу желілерін жөндеу 90%-ға орындалды, жұмыс қыркүйек айының ортасына дейін толықтай аяқталады. Гидравликалық сынақтардан кейін анықталған магистральдық және орамішілік желілердегі 19 ақау 100% жойылды. Көпқабатты 264 тұрғын үйдің 87% немесе 230-ы алдағы жылу беру маусымына дайын.
Өңір басшысы барлық көппәтерлі тұрғын үйлерді дайындауды 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде аяқтауды тапсырды.