https://sputnik.kz/20230908/munay-zhane-gaz-emes-resey-aqsha-tabudyn-tagy-bir-zholyn-tapty-38381237.html
Мұнай және газ емес. Ресей ақша табудың тағы бір жолын тапты
Мұнай және газ емес. Ресей ақша табудың тағы бір жолын тапты
Sputnik Қазақстан
Бразилия 24 жылда алғаш рет құны 72 миллион доллар болатын ресейлік уран партиясын сатып алды. Бұдан бөлек енді Росатом елдегі жалғыз атом электр станциясын... 08.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-08T18:47+0500
2023-09-08T18:47+0500
2023-09-12T11:47+0500
газ
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38381074_0:163:3000:1851_1920x0_80_0_0_eb5bfdf37a7c643562797b1be1b23e30.jpg
Бразилия 24 жылда алғаш рет құны 72 миллион доллар болатын ресейлік уран партиясын сатып алды. Бұдан бөлек енді Росатом елдегі жалғыз атом электр станциясын отынмен қамтамасыз етеді. Үндістанға жеткізілім қайта жанданды, ал АҚШ импортты екі еседен астамға өсірді. Алты айдың ішінде Вашингтон Мәскеуге шамамен 700 миллион доллар төледі. Ресей нарықтағы өз позициясын күшейтіп жатыр, деп жазды РИА Новости.Биыл Бразилия 18,9 миллион долларға 27,1 тонна ресейлік байытылған уран мен 52,7 миллион долларға 26,9 тонна табиғи шикізат импорттады. Бұған дейінгі сатып алулар сәйкесінше 1999 және 1998 жылдары болған. Оның үстіне, бірнеше жылдан бері "Росатом" медицинаға арналған изотопты өнімдердің ең ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады.2022 жылы бразилиялықтар Ұлыбританиядан 23,5 миллион долларға, Қазақстан нан 17,3 миллион долларға, Канададан 4,6 миллион долларға табиғи уран сатып алды. Дәл сол Ұлыбританиядан 13,7 миллион долларға, Германияда 1,1 миллион долларға, Швециядан 893 мың долларға және АҚШ-тан небәрі 5 мың долларға ғана байытылған уран сатып алды. Ал қазір барлығын дерлік Ресей қамтамасыз етті. Тек 2,2 мың долларға азайтылған уранды америкалықтар жеткізді.Төрт жылдық үзілістен кейін Үндістанға 13,5 миллион долларға 118 тонна шикізат жөнелтілді. "Росатом" "Құданқұлам" АЭС энергоблоктардың құрылысына қатысып жатыр, өндірістік қуатты бірлесіп арттыру келешегі талқылануда. Ресей экономика университетінің экономика кафедрасының доценті Александр Тимофеев мұны геосаяси жағдайдың өзгеруімен байланыстырды. Оның пікірінше, бұрын газға бағдарланған энергия тапшылығы бар өңірлер қазір балама іздеуге мәжбүр.Тіпті АҚШ-тың өзі Ресеймен сауда байланысын үзгісі келгеніне қарамастан, сатып алу алты ай ішінде екі еседен астамға– жергілікті нарықтың 32 пайызына дейін өсті. Америкалық статистика қызметінің мәліметінше, бұл 2005 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. 416 тонна үшін Мәскеу 696,5 миллион доллар ақы алды.Батыс Ресейдің атом өнеркәсібіне қарсы санкция салған жоқ, тығыз ынтымақтастық күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. Бұл нәтиже ресурстық базаның ақасында емес, басымдықта технологиялық артықшылыққа байланысты болып отыр."Байыту технологиясы біран-саранда ғана бар, ал кейбіреулері оны дамытуды тоқтатты. Атап айтқанда, Америка Құрама Штаттары. Олар 2027 жылға дейін өз өндірісін қалпына келтіре алмайды, сондықтан біздің байытылған ураннан бас тарта алмайды", - дейді энергетиканы дамыту қорының директор Сергей Пикин."Біз әлемдегі ядролық реакторлардың жартысына жуығын отынмен қамтамасыз етеміз. АҚШ, Ұлыбритания немесе Францияда мұндай қуат жоқ", - дейді тәуелсіз өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов.Сонымен қатар, Ресейдің атом электр станцияларын салу, отын өндіру және өңдеу бойынша тәжірибесі мол. "Росатом" Үндістаннан басқа Түркияда – "Аккую", Мысырда – "Эль-Дабаа", Венгриядаа – "Пакш-2", Бангладеште – "Руппур", Қытайда – "Тяньвань" және "Сюйдапу" жобаларды жүзеге асырып жатыр. Барлығы – 33 блок.Сонымен қатар корпорация тұйық ядролық отын циклінің технологиясын меңгеруде. Бұл пайдаланылған отынды қайта пайдалануға, мыңдаған жылдарға ядролық энергетиканы қамтамсыз етуге және реакторларды іс жүзінде мәңгілік қозғалтқыштарға айналдыруға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, энергия бағасы да төмендейді. Белоярск АЭС-те энергоблоктардың жартысы қазірдің өзінде осылай, яғни жылдам нейтрондармен жұмыс істейді.Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Жапония да осы іске кіріскен. Бірақ ол нәтиже бермей, инновациялық жобалар жабылды. Тек Ресей ғана табысқа жетті. Жақын болашақтағы ықтимал бәсекелестердің қатарында Қытай ғана тұр, деп жазылған РИА Новоти материалында.Технологиялық артықшылық тұтынушыларға кепілдік бермейді. Сарапшылар Үндістан мен Бразилияны жеңілдіктер қызықтырды деп болжайды. Қалай болғанда да, жоғары сапа мен тартымды баға Ресейге осы нарықта өз орнын бекітуге мүмкіндік береді, дейді Қаржы университетінің стратегиялық және инновациялық даму кафедрасының доценті Михаил Хачатурян.Хазанов бұл бастамасы ғана екеніне сенімді. Өтйкені Нью-Делидің атом энергетикасын дамыту бойынша ауқымды жоспарын Мәскеусіз жүзеге асыру қиын болады.Жеткізулерді әртараптандыру ықтимал кезекті санкциялардан болатын шығындарды азайтады, дейді Пикин."Әртүрлі нұсқалармен жұмыс істеу уақытты талап етеді. Олардың бәрі тиімді екеніне көз жеткізу керек. Бұл ең алдымен логистика және үнді рупиясы сияқты айырбастауға қиын валюталардағы төлемдерге қатысты", - деді ол.Сондай-ақ сарапшылар Батыстың ядролық энергетика саласындағы саудасынан бас тартуы екіталай деп санайды. Мысалы, уранның үлкен қоры бар Нигердегі төңкеріске байланысты Франция үшін отын қымбаттайды. Сондықтан олар басқа нұсқаларды іздеуге мәжбүр болады. 2026 жылдан кейін кен орындарының таусылуына байланысты жаһандық өндірістің төмендеуі ықтимал болғандықтан, сенімді жеткізушілер барған сайын жоғары бағаланады. Қалдықсыз реакторлар салуға сұраныс та артады. Ресейде бұл бағытта әзірге бәсекелес жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38381074_158:0:2843:2014_1920x0_80_0_0_023da9dec342de72ff018fedfabc76cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ
Бразилия 24 жылда алғаш рет құны 72 миллион доллар болатын ресейлік уран партиясын сатып алды. Бұдан бөлек енді Росатом елдегі жалғыз атом электр станциясын отынмен қамтамасыз етеді. Үндістанға жеткізілім қайта жанданды, ал АҚШ импортты екі еседен астамға өсірді. Алты айдың ішінде Вашингтон Мәскеуге шамамен 700 миллион доллар төледі. Ресей нарықтағы өз позициясын күшейтіп жатыр, деп жазды
РИА Новости.Биыл Бразилия 18,9 миллион долларға 27,1 тонна ресейлік байытылған уран мен 52,7 миллион долларға 26,9 тонна табиғи шикізат импорттады. Бұған дейінгі сатып алулар сәйкесінше 1999 және 1998 жылдары болған. Оның үстіне, бірнеше жылдан бері "Росатом" медицинаға арналған изотопты өнімдердің ең ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады.
2022 жылы бразилиялықтар Ұлыбританиядан 23,5 миллион долларға, Қазақстан нан 17,3 миллион долларға, Канададан 4,6 миллион долларға табиғи уран сатып алды. Дәл сол Ұлыбританиядан 13,7 миллион долларға, Германияда 1,1 миллион долларға, Швециядан 893 мың долларға және АҚШ-тан небәрі 5 мың долларға ғана байытылған уран сатып алды. Ал қазір барлығын дерлік Ресей қамтамасыз етті. Тек 2,2 мың долларға азайтылған уранды америкалықтар жеткізді.
Төрт жылдық үзілістен кейін Үндістанға 13,5 миллион долларға 118 тонна шикізат жөнелтілді. "Росатом" "Құданқұлам" АЭС энергоблоктардың құрылысына қатысып жатыр, өндірістік қуатты бірлесіп арттыру келешегі талқылануда. Ресей экономика университетінің экономика кафедрасының доценті Александр Тимофеев мұны геосаяси жағдайдың өзгеруімен байланыстырды. Оның пікірінше, бұрын газға бағдарланған энергия тапшылығы бар өңірлер қазір балама іздеуге мәжбүр.
Тіпті АҚШ-тың өзі Ресеймен сауда байланысын үзгісі келгеніне қарамастан, сатып алу алты ай ішінде екі еседен астамға– жергілікті нарықтың 32 пайызына дейін өсті. Америкалық статистика қызметінің мәліметінше, бұл 2005 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. 416 тонна үшін Мәскеу 696,5 миллион доллар ақы алды.
Батыс Ресейдің атом өнеркәсібіне қарсы санкция салған жоқ, тығыз ынтымақтастық күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. Бұл нәтиже ресурстық базаның ақасында емес, басымдықта технологиялық артықшылыққа байланысты болып отыр.
"Байыту технологиясы біран-саранда ғана бар, ал кейбіреулері оны дамытуды тоқтатты. Атап айтқанда, Америка Құрама Штаттары. Олар 2027 жылға дейін өз өндірісін қалпына келтіре алмайды, сондықтан біздің байытылған ураннан бас тарта алмайды", - дейді энергетиканы дамыту қорының директор Сергей Пикин.
"Біз әлемдегі ядролық реакторлардың жартысына жуығын отынмен қамтамасыз етеміз. АҚШ, Ұлыбритания немесе Францияда мұндай қуат жоқ", - дейді тәуелсіз өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов.
Сонымен қатар, Ресейдің атом электр станцияларын салу, отын өндіру және өңдеу бойынша тәжірибесі мол. "Росатом" Үндістаннан басқа Түркияда – "Аккую", Мысырда – "Эль-Дабаа", Венгриядаа – "Пакш-2", Бангладеште – "Руппур", Қытайда – "Тяньвань" және "Сюйдапу" жобаларды жүзеге асырып жатыр. Барлығы – 33 блок.
Сонымен қатар корпорация тұйық ядролық отын циклінің технологиясын меңгеруде. Бұл пайдаланылған отынды қайта пайдалануға, мыңдаған жылдарға ядролық энергетиканы қамтамсыз етуге және реакторларды іс жүзінде мәңгілік қозғалтқыштарға айналдыруға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, энергия бағасы да төмендейді. Белоярск АЭС-те энергоблоктардың жартысы қазірдің өзінде осылай, яғни жылдам нейтрондармен жұмыс істейді.
Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Жапония да осы іске кіріскен. Бірақ ол нәтиже бермей, инновациялық жобалар жабылды. Тек Ресей ғана табысқа жетті. Жақын болашақтағы ықтимал бәсекелестердің қатарында Қытай ғана тұр, деп жазылған РИА Новоти материалында.
Технологиялық артықшылық тұтынушыларға кепілдік бермейді. Сарапшылар Үндістан мен Бразилияны жеңілдіктер қызықтырды деп болжайды. Қалай болғанда да, жоғары сапа мен тартымды баға Ресейге осы нарықта өз орнын бекітуге мүмкіндік береді, дейді Қаржы университетінің стратегиялық және инновациялық даму кафедрасының доценті Михаил Хачатурян.
Хазанов бұл бастамасы ғана екеніне сенімді. Өтйкені Нью-Делидің атом энергетикасын дамыту бойынша ауқымды жоспарын Мәскеусіз жүзеге асыру қиын болады.
Жеткізулерді әртараптандыру ықтимал кезекті санкциялардан болатын шығындарды азайтады, дейді Пикин.
"Әртүрлі нұсқалармен жұмыс істеу уақытты талап етеді. Олардың бәрі тиімді екеніне көз жеткізу керек. Бұл ең алдымен логистика және үнді рупиясы сияқты айырбастауға қиын валюталардағы төлемдерге қатысты", - деді ол.
Сондай-ақ сарапшылар Батыстың ядролық энергетика саласындағы саудасынан бас тартуы екіталай деп санайды. Мысалы, уранның үлкен қоры бар Нигердегі төңкеріске байланысты Франция үшін отын қымбаттайды. Сондықтан олар басқа нұсқаларды іздеуге мәжбүр болады. 2026 жылдан кейін кен орындарының таусылуына байланысты жаһандық өндірістің төмендеуі ықтимал болғандықтан, сенімді жеткізушілер барған сайын жоғары бағаланады. Қалдықсыз реакторлар салуға сұраныс та артады. Ресейде бұл бағытта әзірге бәсекелес жоқ.