https://sputnik.kz/20230908/minskide-eaeo-dagy-adil-basekelestik-turaly-suraqtarga-zhauap-berildi-38285763.html
Минскіде ЕАЭО-дағы әділ бәсекелестік туралы сұрақтарға жауап берілді
Минскіде ЕАЭО-дағы әділ бәсекелестік туралы сұрақтарға жауап берілді
Sputnik Қазақстан
Минскіде Еуразиялық экономикалық одақта мемлекеттік сатып алуларға тең және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды 08.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-08T10:45+0500
2023-09-08T10:45+0500
2023-09-08T10:45+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/09/08/38283789_0:8:1401:796_1920x0_80_0_0_4df55e5b778526f71e20136ad621795a.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек - Sputnik. ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтанов бастаған Қоғамдық қабылдауға қатысушылар ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы әділ бәсекелестікті сақтау мәселелерін қарады.Бақыт Сұлтановтың айтуынша, комиссияға жолданған бәсекелестіктің бұзылғаны туралы арыздардың төрттен біріне жуығы Беларусьтен түседі.Беларусь бизнесі ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына да белсенді түрде қатысады. Бүгінгі таңда ЕАЭО елдерінің сатып алуларына кедергісіз қатысуға мүмкіндік беретін өнеркәсіп тауарларының Еуразиялық реестріне Беларусь Республикасынан 92 өндірушінің 7187 тауары туралы ақпарат енгізілген.Еуразиялық реестрге 108 өндірушінің 8138 тауары (өнеркәсіптің 15 саласы) кіреді: Беларусь Республикасынан - 92, Қазақстан Республикасынан - 6, Қырғызстаннан - 2, Ресей Федерациясынан - 8.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/08/38283789_78:0:1290:909_1920x0_80_0_0_932be255b137d5a3d238e395fbdba68c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Минскіде ЕАЭО-дағы әділ бәсекелестік туралы сұрақтарға жауап берілді
Минскіде Еуразиялық экономикалық одақта мемлекеттік сатып алуларға тең және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
АСТАНА, 8 қыркүйек - Sputnik. ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтанов бастаған Қоғамдық қабылдауға қатысушылар ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы әділ бәсекелестікті сақтау мәселелерін қарады.
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, комиссияға жолданған бәсекелестіктің бұзылғаны туралы арыздардың төрттен біріне жуығы Беларусьтен түседі.
"Осыған байланысты біз мұндай кездесулерде кәсіпкерлерге ЕАЭО трансшекаралық нарықтарына шығу кезінде туындауы мүмкін монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдері туралы айтамыз", - деді ЕЭК министрі.
Беларусь бизнесі ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына да белсенді түрде қатысады. Бүгінгі таңда ЕАЭО елдерінің сатып алуларына кедергісіз қатысуға мүмкіндік беретін өнеркәсіп тауарларының Еуразиялық реестріне Беларусь Республикасынан 92 өндірушінің 7187 тауары туралы ақпарат енгізілген.
Еуразиялық реестрге 108 өндірушінің 8138 тауары (өнеркәсіптің 15 саласы) кіреді: Беларусь Республикасынан - 92, Қазақстан Республикасынан - 6, Қырғызстаннан - 2, Ресей Федерациясынан - 8.