https://sputnik.kz/20230908/2024-zhyldan-bastap-qytay-qazaqstannan-keletin-astyqty-qabyldaudy-eki-esege-arttyrady-38289908.html
2024 жылдан бастап Қытай Қазақстаннан келетін астықты қабылдауды екі есеге арттырады
2024 жылдан бастап Қытай Қазақстаннан келетін астықты қабылдауды екі есеге арттырады
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық тараптың өтініші бойынша ҚХР алғаш рет Қорғас стансасынан астық тасымалдаушылар және жабық вагондармен астық жүктерін қабылдауды бастайды 08.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-08T12:41+0500
2023-09-08T12:41+0500
2023-09-08T12:41+0500
астық
қытай
https://sputnik.kz/img/old/977/93/9779387_0:154:3009:1846_1920x0_80_0_0_cd4be0fe15071202da6d868df78c8136.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктерінің өкілдері 2024 жылы 27,8 млн тонна жүк тасымалдауға келісті, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.Кеңесте 2023 жылдың 8 айында Қытай мен Қазақстан арасындағы жүк және контейнерлік тасымалдар қорытындысы шығарылып, 2022 жылдың деңгейіне 3,6 млн тонна өсімімен 26,8 млн тонна жүк деңгейінде жыл соңына дейін тасымалдау көлемін сөзсіз орындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Экспорт 25%, яғни 16,2 млн тоннаға дейін, импорт 6%, яғни 10,6 млн тоннаға дейін өседі.Келесі жылы 27,8 млн тонна жүк тасымалдауға келісім жасалды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық.2024 жылғы қаңтардан бастап қытайлық тарап Алашаңқай станциясы бойынша астық тасығыштарда, жабық вагондарда және контейнерлерде астық жүктерін қабылдауды екі есе арттырады.Қазақстандық экспорттаушылардың тілегін ескере отырып, өсімдік майлары, металл кендері (түйіршіктер, концентраттар), мұнай коксы сияқты жүктерді қабылдау ұлғаяды.Сондай-ақ тараптар Достық – Мойынты, Алашаңқай – Джинхэ шекара маңы станциялары мен учаскелерінің өткізу қабілетін кеңейту, терминалдарды салу және жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысын талқылады.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/977/93/9779387_170:0:2837:2000_1920x0_80_0_0_cb6e95bc22a99b8b8a45c85d0dbb1361.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, қытай
2024 жылдан бастап Қытай Қазақстаннан келетін астықты қабылдауды екі есеге арттырады
Қазақстандық тараптың өтініші бойынша ҚХР алғаш рет Қорғас стансасынан астық тасымалдаушылар және жабық вагондармен астық жүктерін қабылдауды бастайды
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктерінің өкілдері 2024 жылы 27,8 млн тонна жүк тасымалдауға келісті, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Кеңесте 2023 жылдың 8 айында Қытай мен Қазақстан арасындағы жүк және контейнерлік тасымалдар қорытындысы шығарылып, 2022 жылдың деңгейіне 3,6 млн тонна өсімімен 26,8 млн тонна жүк деңгейінде жыл соңына дейін тасымалдау көлемін сөзсіз орындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Экспорт 25%, яғни 16,2 млн тоннаға дейін, импорт 6%, яғни 10,6 млн тоннаға дейін өседі.
Келесі жылы 27,8 млн тонна жүк тасымалдауға келісім жасалды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық.
2024 жылғы қаңтардан бастап қытайлық тарап Алашаңқай станциясы бойынша астық тасығыштарда, жабық вагондарда және контейнерлерде астық жүктерін қабылдауды екі есе арттырады.
Қазақстандық экспорттаушылардың тілегін ескере отырып, өсімдік майлары, металл кендері (түйіршіктер, концентраттар), мұнай коксы сияқты жүктерді қабылдау ұлғаяды.
Сондай-ақ тараптар Достық – Мойынты, Алашаңқай – Джинхэ шекара маңы станциялары мен учаскелерінің өткізу қабілетін кеңейту, терминалдарды салу және жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысын талқылады.