https://sputnik.kz/20230907/zhanbyr-astyq-zhinau-nauqanyna-kedergi-keltirip-zhatyr-komissiya-quryldy-38264739.html
Жаңбыр астық жинау науқанына кедергі келтіріп жатыр: комиссия құрылды
Жаңбыр астық жинау науқанына кедергі келтіріп жатыр: комиссия құрылды
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, егін егетін негізгі үш өңірде жұмыс тоқтап тұр 07.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-07T11:35+0500
2023-09-07T11:35+0500
2023-09-07T11:35+0500
астық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0a/14922437_0:102:3281:1948_1920x0_80_0_0_34c1f90f141e2fa703c767f6ad9f52e8.jpg
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров солтүстік өңірлердегі қолайсыз ауа райының астық жинау науқанына әсері туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, әзірге болжам жасауға ерте. Қазіргі таңда астықтың 27%-і жиналған."Иә, жаңбыр осымен екінші апта жауып жатыр. Астық егетін үш негізгі өңір тоқтап тұр. Мен комиссия құрдым. Олар Қостанай облысына барып, кездесу өткізеді. Аудандарды аралайды, содан кейін ғана бір нәрсе айта аламыз", - деді Сапаров Ақорда кулуарында.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға ресми сапармен Албания президенті Байрам Бегай келді. Журналистер Айдарбек Сапаровтан Албаниямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы сұрады."Албанияда ауыл шаруашылығы дамыған. Олар өз-өздерін қамтамасыз етіп отыр. Егер олардың тарапынан сұраныс болса, біз дәнді, майлы дақылдардан бастап экспорттауға дайынбыз", - деді министр.
https://sputnik.kz/20230905/bir-zhylda-temirzhol-arqyly-astyq-tasymaldau-kolemi-eki-esege-osti-38220878.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0a/14922437_275:0:3006:2048_1920x0_80_0_0_816be0045ba55b3d0dfd9ba71a7656e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық
Жаңбыр астық жинау науқанына кедергі келтіріп жатыр: комиссия құрылды
Министрдің айтуынша, егін егетін негізгі үш өңірде жұмыс тоқтап тұр
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров солтүстік өңірлердегі қолайсыз ауа райының астық жинау науқанына әсері туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, әзірге болжам жасауға ерте. Қазіргі таңда астықтың 27%-і жиналған.
"Иә, жаңбыр осымен екінші апта жауып жатыр. Астық егетін үш негізгі өңір тоқтап тұр. Мен комиссия құрдым. Олар Қостанай облысына барып, кездесу өткізеді. Аудандарды аралайды, содан кейін ғана бір нәрсе айта аламыз", - деді Сапаров Ақорда кулуарында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға ресми сапармен Албания президенті Байрам Бегай келді. Журналистер Айдарбек Сапаровтан Албаниямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы сұрады.
"Албанияда ауыл шаруашылығы дамыған. Олар өз-өздерін қамтамасыз етіп отыр. Егер олардың тарапынан сұраныс болса, біз дәнді, майлы дақылдардан бастап экспорттауға дайынбыз", - деді министр.