Түйе сүтін өңдейтін " Golden Camel" зауыты қайта іске қосылады

© Sputnik / Александр МирогловТүйе
Түйе - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2023
Жазылу
Өнімділігі тәулігіне 100 тонна түйе мен бие сүтін өңдейтін "Golden Camel group LTD" 7 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды "Golden Camel group LTD" төрағасы Ян Джимен және "Win Lun" компаниясының басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында "Golden Camel" зауытының жұмыс барысы талқыланды. Түйе сүтін өңдеу маусымдық жұмыс болғандықтан, инвесторлар алдымен дайындық жұмыстарын бастайтын болды.
"Зауыт басшылығы техниқалық тексерістен соң, бір айда зауыт жұмысын қайта бастайтынын жеткізді. Одан бөлек түйе сүтін қайта өңдей отырып, құрғақ таблетка күйінде шығаратынын атап өтті", - деп жазылған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетері, облыс әкімі мамыр айында Қытайға жұмыс сапарында "Golden Camel" зауытының басшыларымен кездесіп, жұмысын тоқтатқан зауытты қайта іске қосу туралы мәселені талқылаған болатын. Нәтижесінде инвесторлар кәсіпорынды қайта жандандыратын болды.
"Зауыт жұмысын жандандыру туралы ұсынысымызды қабыл алғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Өңірімізде қытайлық компаниялардың қатысуын арттыруды жоспарлап отырғанымызды атап өткім келеді. Ол үшін бірқатар бағытта өңіраралық кооперацияны дамытудың жоғары әлеуеті зор, – деді Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды.
Оның айтуынша, зауытты қайта іске қосу және әрі қарай дамыту барысында мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі.
"Алда өзге де жобаларға атсалысуға шақырамын. Кентау қаласы Оранғай елді мекенінде орналасқан арнайы экономикалық аймағының маңынан Қазақ- Қытай арнайы экономикалық аймағын құруды жоспарлап отырмыз", – деп толықтырды өңір басшысы.
Өнімділігі тәулігіне 100 тонна түйе мен бие сүтін өңдейтін "Golden Camel group LTD" 7 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған. Сонымен қатар ұлттық сусынды соңғы процеске дейін өңдеп, косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химиялық сұйықтықтар шығарады. Өнімінің басым бөлігін экспортқа шетел мемлекеттеріне жөнелтеді.
Жобаны іске асыру Түркістан мен көрші Қызылорда және Жамбыл облыстарында түйе шаруашылығын дамытуға және мал басын арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0