https://sputnik.kz/20230907/qazaqstannyn-ontustiginde-bes-kun-boyy-izdegen-8-aylyq-sabi-tabyldy-38270323.html
Қазақстанның оңтүстігінде бес күн бойы іздеген 8 айлық сәби табылды
Қазақстанның оңтүстігінде бес күн бойы іздеген 8 айлық сәби табылды
Sputnik Қазақстан
Полицейлер сегіз айлық сәбиді Талдықорғанда және Қаскелеңде іздеген болатын 07.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-07T14:37+0500
2023-09-07T14:37+0500
2023-09-07T14:37+0500
өңірлер
жоғалып кеткен бала
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38266976_0:0:3168:1782_1920x0_80_0_0_43766e36828c9a2b6f1005f064e8df37.jpg
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Талдықорған полицейлері 8 айлық баланы тауып, анасына қайтарды, деп хабарлайды Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Ведомство ақпаратынша, сәби Талдықорғанда әкесінің туысқандарынан табылған. Қазір бала анасының жанында, әйел бейнеүндеуінде ұлын табуға көмектескені үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты."Сәбидің ендігі тағдырын сот пен қамқорлық органдарының өкілдері шешеді. Баланың әкесі, сот қаулысына сәйкес, әкімшілік қамауда отыр", - деп мәлімдеді облыстық полициядағылар.Естеріңізге сала кетейік, Жетісу мен Алматы облыстарының полицейлері 8 айлық ұлды бес күн бойы іздеген.Бала туралы ақпаратты әлеуметтік желіде Немолчи.кз" қорының өкілі Дина Таңсәрі таратты. Автордың сөзінше, баланың әкесі әйелімен жанжалдасып, ұлын туыстарына апарып жасырған.Әйелі мен енесін ұрғаны үшін ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20230624/shymkentte-zhogalgan-4-zhasar-bala-aman-esen-tabyldy-36307839.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38266976_182:0:2913:2048_1920x0_80_0_0_da34aa52e86a117eb57c83eaa9d91487.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоғалып кеткен бала
Қазақстанның оңтүстігінде бес күн бойы іздеген 8 айлық сәби табылды
Полицейлер сегіз айлық сәбиді Талдықорғанда және Қаскелеңде іздеген болатын
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Талдықорған полицейлері 8 айлық баланы тауып, анасына қайтарды, деп хабарлайды Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратынша, сәби Талдықорғанда әкесінің туысқандарынан табылған. Қазір бала анасының жанында, әйел бейнеүндеуінде ұлын табуға көмектескені үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.
"Сәбидің ендігі тағдырын сот пен қамқорлық органдарының өкілдері шешеді. Баланың әкесі, сот қаулысына сәйкес, әкімшілік қамауда отыр", - деп мәлімдеді облыстық полициядағылар.
Естеріңізге сала кетейік, Жетісу мен Алматы облыстарының полицейлері 8 айлық ұлды бес күн бойы іздеген.
Бала туралы ақпаратты әлеуметтік желіде Немолчи.кз" қорының өкілі Дина Таңсәрі таратты. Автордың сөзінше, баланың әкесі әйелімен жанжалдасып, ұлын туыстарына апарып жасырған.
Әйелі мен енесін ұрғаны үшін ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.