Қазақстанда қант өндірушілерді қолдау шаралары қабылданды

© Photo / Пресс-служба министерства сельского хозяйства КазахстанаСахарные заводы в Жамбылской области работают на полную мощность
Сахарные заводы в Жамбылской области работают на полную мощность - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Биыл жергілікті бюджеттерде қант қызылшасын қайта өңдеуге тапсыруды субсидиялауға 14,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Министрлік мәліметінше, оның ішінде Жамбыл облысының фермерлері үшін – 8,1 млрд теңге, Жетісу облысында – 6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаржыландыру көлемі 491 мың тонна шикізатты субсидиялауға мүмкіндік береді.
"Қант қызылшасын өсіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арзандатылған кредиттер беріледі, негізгі және айналым қаражатын толықтыруға, оның ішінде "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жеңілдікті қарыздар беріледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қант зауыттарына қолдау шаралары көрсетіледі. Мәселен, қант зауыттарын кеңейту мен жаңғыртуға жоба сомасының 25% мөлшерінде инвестициялық субсидиялар көзделген, қант өндірушілерге 350 мың тонна қамыс шикізатын бажсыз әкелуге квоталар берілді, шикізат импортына ҚҚС-тан босату түрінде салық жеңілдіктері, сондай-ақ Салық кодексінің 411-бабы бойынша ҚҚС-ты 70%-ға төмендету қарастырылған. Бұдан басқа, шикізатты сатып алуға айналым қаражатымен қамтамасыз ету үшін қант зауыттарына жылдық 0,1% сыйақы мөлшерлемесімен "айналым схемасы" бойынша жеңілдікті кредиттер берілді.
Жаңалықтар
0