Балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасылар тексеріледі

© SputnikҚазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2023
Жазылу
Бас прокуратура жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталған "Е-превенция" жобасын таныстырды
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларды тексеру туралы мәселе Бас прокуратурадағы ведомствоаралық кеңесте көтерілді.
Бас прокуратура құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін "Е-превенция" жобасын таныстырды.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелерінде бағдарлама қиын жасөспірімдердің өмір сүру жағдайларын, бос уақытын, білім алу мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелердің болуын зерттеуге мүмкіндік береді.
"Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін прокуратура қызметкерлері қолайсыз отбасыларға, көпбалалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға барады", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Бұл жоба елордада және Ақтөбе облысында сынақтан өтіп жатыр.
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева зорлық-зомбылық, қатыгездік, балалардың терезеден құлауы, балалар мекемелерін лицензиялау және буллинг мәселелері бойынша 50-ден астам түзетуді қамтитын заңнамалық сипаттағы ұсыныс жасады.
Мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды жұмыс тобының отырыстарында талқылайды.
зорлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0