https://sputnik.kz/20230907/ayqay-filminin-alemdik-premerasy-pusan-kinofestivalinde-otedi-38250616.html
"Айқай" фильмінің әлемдік премьерасы Пусан кинофестивалінде өтеді
"Айқай" фильмінің әлемдік премьерасы Пусан кинофестивалінде өтеді
Sputnik Қазақстан
Фильм екі аяқсыз туған бас кейіпкердің өмірі арқылы ядролық жарылыстан зардап шеккен Семей полигоны құрбандарының тағдырын баяндайды 07.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-07T07:00+0500
2023-09-07T07:00+0500
2023-09-07T07:29+0500
семей полигоны
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38254885_0:0:1601:901_1920x0_80_0_0_193ca0dab95fd5257c69234aba5ecd48.jpg
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. "Айқай" фильмі 4-13 қазан аралығында өтетін әйгілі Пусан кинофестивалінің А Window on Asian Cinema ("Азия киносына терезе") бағдарламасында көрсетілетін болды, деп хабарлады Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі.Фильмнің режиссері – Кенжебек Шайқақов. "Айқай" – режиссердің екінші толықметражды жұмысы және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген алғашқы фильмі."Айқай" фильмі көрермендерге екі аяқсыз туған бас кейіпкердің өмірі арқылы ядролық жарылыстан зардап шеккен Семей полигоны құрбандарының тағдырын және анасынан айырылған баланың әкесіне жанашырлығын, қамқорлық жасауға деген талпынысын баяндайды.Көркем фильмнің түсірілімі Абай облысы Аягөз ауданы Шыңғожа ауылында өтті. Басты рөлдердерде Орынбек Шаймағанбетов, Арнұр Акрам, Ерболат Әлқожа, Бейнұр Баймұхамбетов, Ерлан Малаев, Айбек Иманқұлов және Айғаным Нұрсұлтан ойнайды.Айта кетері, Busan International Film Festival – 1996 жылдан бастап жыл сайын Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38254885_0:0:1601:1200_1920x0_80_0_0_c605e8ba440ef9a90de6a43d06a4f6a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей полигоны
"Айқай" фильмінің әлемдік премьерасы Пусан кинофестивалінде өтеді
07:00 07.09.2023 (жаңартылды: 07:29 07.09.2023) Фильм екі аяқсыз туған бас кейіпкердің өмірі арқылы ядролық жарылыстан зардап шеккен Семей полигоны құрбандарының тағдырын баяндайды
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. "Айқай" фильмі 4-13 қазан аралығында өтетін әйгілі Пусан кинофестивалінің А Window on Asian Cinema ("Азия киносына терезе") бағдарламасында көрсетілетін болды, деп хабарлады Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі.
Фильмнің режиссері – Кенжебек Шайқақов. "Айқай" – режиссердің екінші толықметражды жұмысы және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген алғашқы фильмі.
"Халықаралық кинофестивальдерде біздің фильмдерімізге деген сұраныс жоғары екенін көріп отырмыз. Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірінде көрсетілетін "Айқай" кинокартинасы – осының дәлелі. Жалпы киноиндустрия өкілдері және біздің орталық жұмысты бір жүйеге қойып, әр фильм өз мақсатын айқындауға тиіс. Бізге нақты нәтижелер керек. Бізге фильмдеріміздің сөрелерде шаң басып жатқаны емес, олардың прокатқа шығуы, фестивальдерге қатысып, жетістіктерге жетуі маңызды", – деді ҰКҚМО басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
"Айқай" фильмі көрермендерге екі аяқсыз туған бас кейіпкердің өмірі арқылы ядролық жарылыстан зардап шеккен Семей полигоны құрбандарының тағдырын және анасынан айырылған баланың әкесіне жанашырлығын, қамқорлық жасауға деген талпынысын баяндайды.
Көркем фильмнің түсірілімі Абай облысы Аягөз ауданы Шыңғожа ауылында өтті. Басты рөлдердерде Орынбек Шаймағанбетов, Арнұр Акрам, Ерболат Әлқожа, Бейнұр Баймұхамбетов, Ерлан Малаев, Айбек Иманқұлов және Айғаным Нұрсұлтан ойнайды.
Айта кетері, Busan International Film Festival – 1996 жылдан бастап жыл сайын Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірі.