https://sputnik.kz/20230907/almatyda-baiqonyr-kinofestivali-otip-zhatyr-38260653.html
Алматыда BAIQONYR кинофестивалі өтіп жатыр
Алматыда BAIQONYR кинофестивалі өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Фестиваль ТМД мемлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен өтеді 07.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-07T10:11+0500
2023-09-07T10:11+0500
2023-09-07T10:11+0500
кинофестиваль
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1e/18278928_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_53f4874e9d8c194dda7c394defb28b5a.jpg
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматыда VIII халықаралық BAIQONYR кинофестивалі басталды, деп хабарлады ТМД гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының баспасөз қызметі.Қазақстанның оңтүстік астанасында 7-11 қыркүйек аралығында өтетін фестиваль аясында ТМД елдері кинотанушылар мен киносыншыларының ІІ форумы жоспарланған.Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия және Эстониядан келген 20-дан астам білікті сарапшылар кәсіби диалогты ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.Сондай-ақ олар дәрістер оқып, шеберлік сабақтарын өткізеді және пікірталастарға қатысады. Кинотанушылар мен киносыншылары фестивальге ұсынылған фильмдер туралы өз пікірін айтады. Олар өз көзқарасы бойынша ең жақсы туындыны таңдауы керек.BAIQONYR фестивалін ұйымдастырушылар мамандар форумын осы іс-шараның маңызды құрамдас бөлігі деп санайды, деп хабарлады қор.Көрнекті қазақстандық кинотанушы, өнертану ғылымының докторы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті Гүлнәр Әбікеева Достастық елдеріндегі мамандар арасындағы қарым-қатынас осындай форматқа сұранып тұрғанын айтты."Былтыр форумға бес адам келсе, бұл жолы Алматыға түрлі елдерден жиырмаға жуық кино маманы мен кинотанушы жиналады. Бүгін бұл ТМД болса, келесі жылы ауқымы кеңейіп, Еуропа, Азия, Американы қамтуы мүмкін. Baiqonyr фестивалінің кішіден үлкенге қарай жылжып, өз даму кеңістігін шектемейтіні маған аса қатты ұнайды", - деді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1e/18278928_172:0:2839:2000_1920x0_80_0_0_e99e85247cf31f43aa25c98cea2b048c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кинофестиваль
Алматыда BAIQONYR кинофестивалі өтіп жатыр
Фестиваль ТМД мемлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен өтеді
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматыда VIII халықаралық BAIQONYR кинофестивалі басталды, деп хабарлады ТМД гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының баспасөз қызметі.
Қазақстанның оңтүстік астанасында 7-11 қыркүйек аралығында өтетін фестиваль аясында ТМД елдері кинотанушылар мен киносыншыларының ІІ форумы жоспарланған.
Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия және Эстониядан келген 20-дан астам білікті сарапшылар кәсіби диалогты ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ олар дәрістер оқып, шеберлік сабақтарын өткізеді және пікірталастарға қатысады. Кинотанушылар мен киносыншылары фестивальге ұсынылған фильмдер туралы өз пікірін айтады. Олар өз көзқарасы бойынша ең жақсы туындыны таңдауы керек.
BAIQONYR фестивалін ұйымдастырушылар мамандар форумын осы іс-шараның маңызды құрамдас бөлігі деп санайды, деп хабарлады қор.
Көрнекті қазақстандық кинотанушы, өнертану ғылымының докторы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті Гүлнәр Әбікеева Достастық елдеріндегі мамандар арасындағы қарым-қатынас осындай форматқа сұранып тұрғанын айтты.
"Былтыр форумға бес адам келсе, бұл жолы Алматыға түрлі елдерден жиырмаға жуық кино маманы мен кинотанушы жиналады. Бүгін бұл ТМД болса, келесі жылы ауқымы кеңейіп, Еуропа, Азия, Американы қамтуы мүмкін. Baiqonyr фестивалінің кішіден үлкенге қарай жылжып, өз даму кеңістігін шектемейтіні маған аса қатты ұнайды", - деді ол.