https://sputnik.kz/20230906/uqshu-nyn-askeri-oqu-zhattygulary-qalay-otti-38247016.html
ҰҚШҰ-ның әскери оқу-жаттығулары қалай өтті
ҰҚШҰ-ның әскери оқу-жаттығулары қалай өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Беларусь елінде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымның "Жауынгерлік бауырластық - 2023" әскери оқу-жаттығулары аяқталды, деп... 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T21:16+0500
2023-09-06T21:16+0500
2023-09-06T21:16+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/03/28145645_0:4:1266:716_1920x0_80_0_0_fabb5949f550329fd5e1ee1a0722704f.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Беларусь елінде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымның "Жауынгерлік бауырластық - 2023" әскери оқу-жаттығулары аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бірлескен штаб бастығы Анатолий Сидоров бірнеше елдің әскерилері қатысқан оқу-жаттығуларға жоғары баға берді.Осы жолы алты елдің әскери қызметшілері материалдық-техникалық қамтамасыз ету, барлау, радиоэлектронды күрес, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша өзара тәжірибе алмасты. Дрондарды басқару дағдыларын да шыңдады.Айта кетері, бірлескен әскери оқу-жаттығуларға ұйымға мүше елдер – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан мен Тәжікстанның әскери қызметшілері қатысты. Жалпы саны – 2,5 мың адам. Бұдан бөлек, 500-ден астам қару-жарақ пен әскери техника болды. Ондай шаралар жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл ҰҚШҰ-ға Беларусь төрағалық етіп отыр. Сол себепті "Жауынгерлік бауырластық - 2023" осы елде өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/03/28145645_153:0:1113:720_1920x0_80_0_0_4ac973f9a53f67f429442c529d8e0372.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
ҰҚШҰ-ның әскери оқу-жаттығулары қалай өтті
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Беларусь елінде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымның "Жауынгерлік бауырластық - 2023" әскери оқу-жаттығулары аяқталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бірлескен штаб бастығы Анатолий Сидоров бірнеше елдің әскерилері қатысқан оқу-жаттығуларға жоғары баға берді.
"Оқу-жаттығулар табысты өтті. Барлық міндет орындалды. Бір сөзбен айтсақ, әскерилер өте жоғары дайындықты көрсете білді. Біз әскерді басқару, бірнеше елдің қарулы күштері кіретін құрылымдар арасындағы өзара әрекет ету шараларына басымдық беріп отырмыз. Олар барлық мақсат-міндетті орындап шықты", - дейді Сидоров.
Осы жолы алты елдің әскери қызметшілері материалдық-техникалық қамтамасыз ету, барлау, радиоэлектронды күрес, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша өзара тәжірибе алмасты. Дрондарды басқару дағдыларын да шыңдады.
Айта кетері, бірлескен әскери оқу-жаттығуларға ұйымға мүше елдер – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан мен Тәжікстанның әскери қызметшілері қатысты. Жалпы саны – 2,5 мың адам. Бұдан бөлек, 500-ден астам қару-жарақ пен әскери техника болды. Ондай шаралар жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл ҰҚШҰ-ға Беларусь төрағалық етіп отыр. Сол себепті "Жауынгерлік бауырластық - 2023" осы елде өтті.