https://sputnik.kz/20230906/qazaqstan-khalqyna-qory-249-mlrd-tengege-dari-darmek-satyp-aldy-38252047.html
"Қазақстан халқына" қоры 24,9 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алды
"Қазақстан халқына" қоры 24,9 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда алғаш рет жеті препарат, оның ішінде әлемдегі ең қымбат "Золгенсма" дәрісі сатып алынды 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T19:21+0500
2023-09-06T19:21+0500
2023-09-06T19:21+0500
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорының төрағасы Болат Жәмішев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұйым денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 миллиард теңге болатын 40-тан астам қайырымдылық бағдарламасы мен жобаны қаржыландыратынын баяндады, деп хабарлады Ақорда.Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіледі. Қордың бағдарламалары ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға басымдық бере отырып, еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылады.Қор мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және ауылдан шыққан талапкерлердің жоғары білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Республика бойынша 2200-ден астам студент "Қазақстан халқына"қорының гранттары мен стипендиясын иеленген. Ауылдарда спортпен айналысатын залдардың тапшылығы мен қолжетімсіздігін ескеріп, қордың қолдауымен ауыл жастарына арналған 24 спорт залы ашылды. Қазіргі таңда 76 залды іске қосу жұмыстары жалғасады.Ерекше балаларға арналған оңалту орталықтарын құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы 4 ерте араласу орталығы және аутизм мен басқа да ақыл-ой ауытқушылығы бар балаларға арналған 4 орталық ашылды. 13 орталықты ашу жұмыстары жүргізілуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек
"Қазақстан халқына" қоры 24,9 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алды
Қазақстанда алғаш рет жеті препарат, оның ішінде әлемдегі ең қымбат "Золгенсма" дәрісі сатып алынды
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорының төрағасы Болат Жәмішев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұйым денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 миллиард теңге болатын 40-тан астам қайырымдылық бағдарламасы мен жобаны қаржыландыратынын баяндады, деп хабарлады Ақорда.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіледі. Қордың бағдарламалары ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға басымдық бере отырып, еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылады.
"Қордың ең ірі бағдарламасы – өмірге қауіп төндіретін және орфанды (сирек) аурумен ауыратын науқастар үшін дәрілік препараттарды сатып алу. 324 қазақстандық (оның 243-і балалар) үшін 24,9 миллиард теңге көлемінде дәрілік заттардың 36 түрі, сондай-ақ Қазақстанға алғаш рет жеті препарат, оның ішінде әлемдегі ең қымбат "Золгенсма" дәрісі сатып алынды", - деп жазылған хабарламада.
Қор мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және ауылдан шыққан талапкерлердің жоғары білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Республика бойынша 2200-ден астам студент "Қазақстан халқына"қорының гранттары мен стипендиясын иеленген. Ауылдарда спортпен айналысатын залдардың тапшылығы мен қолжетімсіздігін ескеріп, қордың қолдауымен ауыл жастарына арналған 24 спорт залы ашылды. Қазіргі таңда 76 залды іске қосу жұмыстары жалғасады.
Ерекше балаларға арналған оңалту орталықтарын құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы 4 ерте араласу орталығы және аутизм мен басқа да ақыл-ой ауытқушылығы бар балаларға арналған 4 орталық ашылды. 13 орталықты ашу жұмыстары жүргізілуде.