https://sputnik.kz/20230906/leopard-tankterinin-qiratyluynan-kelgen-shygyn-qanday-38259546.html
"Леопард" танктерінің қиратылуынан келген шығын қандай
"Леопард" танктерінің қиратылуынан келген шығын қандай
Sputnik Қазақстан
Америкалық және еуропалық қару-жарақтың ең жақсы үлгілері жеткізілгеніне қарамастан, Украинаның қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырады. Қиратылған техникалары... 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T18:23+0500
2023-09-06T18:23+0500
2023-11-01T16:22+0500
танк
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38260400_0:0:1120:630_1920x0_80_0_0_83913b6e5f11f1995f958b32b6081b3d.jpg
Америкалық және еуропалық қару-жарақтың ең жақсы үлгілері жеткізілгеніне қарамастан, Украинаның қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырады. Қиратылған техникалары бейнеленген видеолар Батыс қорғаныс компанияларының беделіне нұқсан келтірді. Қару-жарақ нарығында бәсекелестік күннен-күнге күшейіп жатыр, деп жазды РИА Новости.Rheinmetall концернінің Leopard 2 танктері "ғажайып қару" деген мәртебеге сай болмады. Неміс БАҚ-тың хабарлауынша, халықаралық нарықта кәсіпорын проблемаларға тап болуы мүмкін. 2023 жылдың басында жабдықты алғаннан кейін Киев пен одақтастар қақтығыс өз пайдасына шешілетініне сенімді болды. Бұлай болған жоқ. Оның үстіне Rheinmetall өзін сенімсіз серіктес ретінде көрсетті. Себебі ол бірнеше рет мерзімді сақтамай, жеткізілімдерді кешіктірді.Оның үстіне, ресейлік әскер "Леопардтармен" сәтті күресіп жатыр. Тіпті Украинаның ресми деректері бойынша, маусым айынан бері уәде етілген танктердің жалпы санының он пайыздан астамы қиратылған. Нақты көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін. Жыл соңына дейін Киевке 71 көлік тапсырылуы тиіс. Әзірге Украина Қарулы күштеріне жойылған техниканы қосқанда 54 танк ғана жолданды."Істен шыққан "Леопардтарды" "Абрамстармен" алмастыруы мүмкін. Алғашқы он машина қыркүйек айының ортасына дейін жеткізіледі. Алайда батыстық кеңесшілер Киевке оларды қарсы шабуылда пайдаланбауды ұсынды. Өйткені неміс теехникасы ұрыс даласында өте әлсіз болып шықты. The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Украина Қарулы күштерінің алған техниканы жоғалту жылдамдығы Киев билігін ғана емес, олардың одақтастарын да таңғалдырып жатыр", - деп жазылған материалда.Бұл ретте Rheinmetall компаниясының басшысы Армин Паппергер Украинада дәстүрлі қаруды қолданатын әскери операцияларға Батыс дайын болмағанын айтты. Техника мен қару-жарақ қоры тез таусылып жатыр. Танк оқ-дәрілерінің арсеналын толықтыру үшін кемінде жеті жыл қажет. Енді компания басшылығы болашақта Еуропаға 800 жаңа танк шығара алады деп есептеп отыр. Алайда "Леопардтардың" беделіне келтірілген нұқсанның салдарынан оған сұраныс төмендесе, концерн үлкен шығынға ұшырайды.Қақтығыс аймағы Батыстың әскери-өнеркәсіп кешені үшін өзіндік сынақ пен бәсекелестік алаңына айналды. Мысалы, BAE Systems компаниясының өнімі – британиялық Challenger 2 "Леопард" танкімен бәсекелеседі. Қаңтар айында Ұлыбритания Киевке 28 машина жеткізуге уәде етті. "Челленджерлер" қазірдің өзінде әскери іс-қимылдарда қолданылып жатқаны белгілі.Оңтүстік кореялық K2 "Қара пантера" батыстық технологиялар үшін қуатты бәсекелес бола алады. Сеул Киевке мұндай техника жолдамайды, бірақ Польшада 28 дана "Пантера" бар. сондықтан олардың Украина аумағында пайда болу мүмкіндігі жоғары. Жалпы Варшава 2026 жылға дейін Оңтүстік Кореядан мың дана танк сатып алуды жоспарлап отыр. Әскерде олар Украинаға жеткізілген "Лепардтарды" толығымен алмастырады.Ресейлік БАҚ жазғандай, BAE Systems қақтығыстан мүмкіндігінше көп пайда алуға тырысып, тіпті компания филиалын қазір Украинада іске қосты. Бас директор Чарльз Вудберн Зеленскиймен қосалқы бөлшектерді өндіруді, жөндеуді және жеткізуді Украина жерінде шоғырландыруға келісті. Киев L119 және M777 артиллериялық жүйелерін, сондай-ақ CV90 жаяу әскер машинасының өндірісіне үміт артып отыр.Сонымен қатар Rheinmetall басшысы концерн Украинада танктерге техникалық қызмет көрсету мен құрастыруды бастауға дайын екенін айтты. Қазірдің өзінде 12 украиналық маман Германияда даярлықтан өтті, тағы 12 маман кейінірек даярлықтан өтеді. "Бұл жылдам орындалуы әбден мүмкін. Себебі ол жақта кеңестік дәуірде жақсы жабдықталған танк зауыттары көп", - деді Rheinmetall басшысы.Сонымен бірге Politico сарапшылары өз нарығынан ығыстырылудан қорыққан Еуроодақ әскери-өнеркәсіп кешені қақтығыста Украинаның ертерек жеңіске жетуіне мүдделі деп санайды. Өндіріс көлемінің ұлғаюына қарамастан, Еуроодақтың ұзаққа созылған қақтығысты қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ."Кез келген қақтығыс қарудың мүмкіндігін көрсетеді", - деді әскери сарапшы Алексей Леонков РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, қазіргі нәтиже шетелдік технологияның пайдасына болмай тұр: "Оқ теспейтін танктер болмайды. Батыстық жарнама өз техникасын "ғажайып қару" ретінде насихаттады. Бірақ арнайы әскери операция шындықты көрсетіп тұр".Жойылған "Леопардтар" Rheinmetall акцияларының құлдырауына себеп болады, деп санайды Леонков. Бұл америкалық компаниялар үшін тиімді, себебі олар кейінірек бүкіл концернді немесе оның бір бөлігін арзанға сатып алады. Қазір АҚШ еуропалық өндірушілерді шетелге көшіру үшін өз өнеркәсіп орындарын жарнамалап жатыр.Сарапшы оңтүстіккореялық "Қара пантераға" қатысты күмән бар екенін айтты. "Танк электроникамен жабдықталған. Бұл ұрыс даласында артықшылық береді деген пікір бар. Бірақ бұл танк әлі қақтығысқа қатыспаған. Полигондағы жағдай басқа, шынайы қақтығыс кезіндегі жағдай мүлдем басқа", - деді Леонков.ТМД елдері институтының бөлім меңгерушісі, әскери сарапшы Владимир Евсеев Батыстың әскери-өнеркәсіптік кешенінің беделіне қазірдің өзінде айтарлықтай үлкен нұқсан келіп тұрғанына сенімді."Біріншіден, бұл еуропалық қару өндірушілерге, әсіресе немістерге қатысты. "Леопардатрды" сатып алуды түбегейлі тоқтауы мүмкін. Олардың көбі өртеніп кетті және мұны бүкіл әлем көрді", - дейді сарапшы.Евсеев АҚШ еуропалықтарға өз қаруын ұсынуға мүмкіндік алғанын айтты. Өйткені "Лоепардтар" "Челленджерлер" қиратылуы салдарынан қорғаныс кәсіпорындары шығынға ұшырайды да, Вашингтон "Абрамстарды" өз одақтастарына сатады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38260400_109:0:949:630_1920x0_80_0_0_c9ea31833ccab54ba9468194abf5b714.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танк
Америкалық және еуропалық қару-жарақтың ең жақсы үлгілері жеткізілгеніне қарамастан, Украинаның қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырады. Қиратылған техникалары бейнеленген видеолар Батыс қорғаныс компанияларының беделіне нұқсан келтірді. Қару-жарақ нарығында бәсекелестік күннен-күнге күшейіп жатыр, деп жазды
РИА Новости.Rheinmetall концернінің Leopard 2 танктері "ғажайып қару" деген мәртебеге сай болмады. Неміс БАҚ-тың хабарлауынша, халықаралық нарықта кәсіпорын проблемаларға тап болуы мүмкін. 2023 жылдың басында жабдықты алғаннан кейін Киев пен одақтастар қақтығыс өз пайдасына шешілетініне сенімді болды. Бұлай болған жоқ. Оның үстіне Rheinmetall өзін сенімсіз серіктес ретінде көрсетті. Себебі ол бірнеше рет мерзімді сақтамай, жеткізілімдерді кешіктірді.
Оның үстіне, ресейлік әскер "Леопардтармен" сәтті күресіп жатыр. Тіпті Украинаның ресми деректері бойынша, маусым айынан бері уәде етілген танктердің жалпы санының он пайыздан астамы қиратылған. Нақты көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін. Жыл соңына дейін Киевке 71 көлік тапсырылуы тиіс. Әзірге Украина Қарулы күштеріне жойылған техниканы қосқанда 54 танк ғана жолданды.
"Істен шыққан "Леопардтарды" "Абрамстармен" алмастыруы мүмкін. Алғашқы он машина қыркүйек айының ортасына дейін жеткізіледі. Алайда батыстық кеңесшілер Киевке оларды қарсы шабуылда пайдаланбауды ұсынды. Өйткені неміс теехникасы ұрыс даласында өте әлсіз болып шықты. The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Украина Қарулы күштерінің алған техниканы жоғалту жылдамдығы Киев билігін ғана емес, олардың одақтастарын да таңғалдырып жатыр", - деп жазылған материалда.
Бұл ретте Rheinmetall компаниясының басшысы Армин Паппергер Украинада дәстүрлі қаруды қолданатын әскери операцияларға Батыс дайын болмағанын айтты. Техника мен қару-жарақ қоры тез таусылып жатыр. Танк оқ-дәрілерінің арсеналын толықтыру үшін кемінде жеті жыл қажет. Енді компания басшылығы болашақта Еуропаға 800 жаңа танк шығара алады деп есептеп отыр. Алайда "Леопардтардың" беделіне келтірілген нұқсанның салдарынан оған сұраныс төмендесе, концерн үлкен шығынға ұшырайды.
Қақтығыс аймағы Батыстың әскери-өнеркәсіп кешені үшін өзіндік сынақ пен бәсекелестік алаңына айналды. Мысалы, BAE Systems компаниясының өнімі – британиялық Challenger 2 "Леопард" танкімен бәсекелеседі. Қаңтар айында Ұлыбритания Киевке 28 машина жеткізуге уәде етті. "Челленджерлер" қазірдің өзінде әскери іс-қимылдарда қолданылып жатқаны белгілі.
Оңтүстік кореялық K2 "Қара пантера" батыстық технологиялар үшін қуатты бәсекелес бола алады. Сеул Киевке мұндай техника жолдамайды, бірақ Польшада 28 дана "Пантера" бар. сондықтан олардың Украина аумағында пайда болу мүмкіндігі жоғары. Жалпы Варшава 2026 жылға дейін Оңтүстік Кореядан мың дана танк сатып алуды жоспарлап отыр. Әскерде олар Украинаға жеткізілген "Лепардтарды" толығымен алмастырады.
Ресейлік БАҚ жазғандай, BAE Systems қақтығыстан мүмкіндігінше көп пайда алуға тырысып, тіпті компания филиалын қазір Украинада іске қосты. Бас директор Чарльз Вудберн Зеленскиймен қосалқы бөлшектерді өндіруді, жөндеуді және жеткізуді Украина жерінде шоғырландыруға келісті. Киев L119 және M777 артиллериялық жүйелерін, сондай-ақ CV90 жаяу әскер машинасының өндірісіне үміт артып отыр.
Сонымен қатар Rheinmetall басшысы концерн Украинада танктерге техникалық қызмет көрсету мен құрастыруды бастауға дайын екенін айтты. Қазірдің өзінде 12 украиналық маман Германияда даярлықтан өтті, тағы 12 маман кейінірек даярлықтан өтеді. "Бұл жылдам орындалуы әбден мүмкін. Себебі ол жақта кеңестік дәуірде жақсы жабдықталған танк зауыттары көп", - деді Rheinmetall басшысы.
Сонымен бірге Politico сарапшылары өз нарығынан ығыстырылудан қорыққан Еуроодақ әскери-өнеркәсіп кешені қақтығыста Украинаның ертерек жеңіске жетуіне мүдделі деп санайды. Өндіріс көлемінің ұлғаюына қарамастан, Еуроодақтың ұзаққа созылған қақтығысты қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ.
"Кез келген қақтығыс қарудың мүмкіндігін көрсетеді", - деді әскери сарапшы Алексей Леонков РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, қазіргі нәтиже шетелдік технологияның пайдасына болмай тұр: "Оқ теспейтін танктер болмайды. Батыстық жарнама өз техникасын "ғажайып қару" ретінде насихаттады. Бірақ арнайы әскери операция шындықты көрсетіп тұр".
Жойылған "Леопардтар" Rheinmetall акцияларының құлдырауына себеп болады, деп санайды Леонков. Бұл америкалық компаниялар үшін тиімді, себебі олар кейінірек бүкіл концернді немесе оның бір бөлігін арзанға сатып алады. Қазір АҚШ еуропалық өндірушілерді шетелге көшіру үшін өз өнеркәсіп орындарын жарнамалап жатыр.
Сарапшы оңтүстіккореялық "Қара пантераға" қатысты күмән бар екенін айтты. "Танк электроникамен жабдықталған. Бұл ұрыс даласында артықшылық береді деген пікір бар. Бірақ бұл танк әлі қақтығысқа қатыспаған. Полигондағы жағдай басқа, шынайы қақтығыс кезіндегі жағдай мүлдем басқа", - деді Леонков.
ТМД елдері институтының бөлім меңгерушісі, әскери сарапшы Владимир Евсеев Батыстың әскери-өнеркәсіптік кешенінің беделіне қазірдің өзінде айтарлықтай үлкен нұқсан келіп тұрғанына сенімді.
"Біріншіден, бұл еуропалық қару өндірушілерге, әсіресе немістерге қатысты. "Леопардатрды" сатып алуды түбегейлі тоқтауы мүмкін. Олардың көбі өртеніп кетті және мұны бүкіл әлем көрді", - дейді сарапшы.
Евсеев АҚШ еуропалықтарға өз қаруын ұсынуға мүмкіндік алғанын айтты. Өйткені "Лоепардтар" "Челленджерлер" қиратылуы салдарынан қорғаныс кәсіпорындары шығынға ұшырайды да, Вашингтон "Абрамстарды" өз одақтастарына сатады.