https://sputnik.kz/20230905/toqaev-shugyl-kenes-otkizdi-38211696.html
Тоқаев шұғыл кеңес өткізді
Тоқаев шұғыл кеңес өткізді
Sputnik Қазақстан
Президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті 05.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-05T15:16+0500
2023-09-05T15:16+0500
2023-09-05T15:16+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/09/05/38211239_6:0:1274:713_1920x0_80_0_0_a6a1cf1240c8a2e37005b66e42d97363.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы күштері бас штабының шұғыл кеңесін өткізді, деп хабарлады Ақорда.Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыл тойтарыс – 2023" оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді.Ал әскер түрлерінің бас қолбасшылары және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөнінде баяндады.Кеңес барысында президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.
https://sputnik.kz/20230905/bizdin-bir-gana-otanymyz-bar-toqaev-askeriler-aldynda-soz-soyledi-38207109.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/05/38211239_164:0:1115:713_1920x0_80_0_0_4d748767137f15fc07a756ae32c79f08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев шұғыл кеңес өткізді
Президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы күштері бас штабының шұғыл кеңесін өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыл тойтарыс – 2023" оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді.
"Бас штабтың бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы ахуал жөнінде баяндады. Содан кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бейнебайланыс режимінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін әзірленген шаралар туралы баяндама жасады", - деп жазылған хабарламада.
Ал әскер түрлерінің бас қолбасшылары және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөнінде баяндады.
Кеңес барысында президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.