https://sputnik.kz/20230905/moraldyq-quqygym-zhoq-pavlodardyn-eks-akimi-zhumystan-ne-sebepti-ketkenin-zhazdy-38181738.html
"Моральдық құқығым жоқ": Павлодардың экс-әкімі жұмыстан не себепті кеткенін жазды
"Моральдық құқығым жоқ": Павлодардың экс-әкімі жұмыстан не себепті кеткенін жазды
Sputnik Қазақстан
Ол өзіне қолдау білдірген әріптестеріне алғыс айтты 05.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-05T08:58+0500
2023-09-05T08:58+0500
2023-09-05T09:00+0500
әкім
павлодар
https://sputnik.kz/img/07e7/09/05/38179370_0:128:2048:1280_1920x0_80_0_0_97e8c70c1545b4a984c02a1d838eef12.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Жұмыстан шығарылған Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Иманзаипов облысы басшылығының шешімімен жұмыстан шығарылды.Оның айтуынша, қысқа мерзімде барлық жобаны іске асыра алмады. Дегенмен өзіне қолдау білдірген әріптестеріне алғыс айтты."Менің өмірлік ұстанымдарымның бірі – жұмыста әділ және еңбекқор болу. Өкінішке орай, қысқа мерзімде жоспарлаған жобаларымызды соңына дейін жеткізе алмадым. Қызмет барысында қолдау берген әріптестеріме үлкен рахмет. Тек қана өздеріңізге сеніңіздер!", - деді Иманзаипов.Айта кетері, биыл маусым айында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров ұсталған болатын. Ол кәсіпкерден пара алғаны үшін айыпталып отыр. Одан кейін қала басшысының көмекшісі де тергеуге алынды.Облыс басшылығы Иманзаиповты қызметінен босатуға шешім қабылдады. Негізгі себептер - қол астындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту жұмыстарының тиісінше ұйымдастырылмауы, облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауы және қала әкімдігінің Павлодар тұрғындарымен коммуникациясының нашар болуы.
https://sputnik.kz/20230826/pavlodar-qalasynyn-akimi-qyzmetinen-bosatyldy--37969186.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/05/38179370_0:0:2048:1537_1920x0_80_0_0_0b3ffe705e7b4a1d6c38f57846b15d26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкім, павлодар
"Моральдық құқығым жоқ": Павлодардың экс-әкімі жұмыстан не себепті кеткенін жазды
08:58 05.09.2023 (жаңартылды: 09:00 05.09.2023) Ол өзіне қолдау білдірген әріптестеріне алғыс айтты
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Жұмыстан шығарылған Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Иманзаипов облысы басшылығының шешімімен жұмыстан шығарылды.
"Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары! Мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың шешімін келісіммен қабылдадым, өйткені соңғы оқиғаларға байланысты өз жұмысымды одан әрі жалғастыруға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін. Мен аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді, сонымен бірге барлық тұрғындардан әріптестерім үшін кешірім сұраймын", - деп жазды экс-әкім.
Оның айтуынша, қысқа мерзімде барлық жобаны іске асыра алмады. Дегенмен өзіне қолдау білдірген әріптестеріне алғыс айтты.
"Менің өмірлік ұстанымдарымның бірі – жұмыста әділ және еңбекқор болу. Өкінішке орай, қысқа мерзімде жоспарлаған жобаларымызды соңына дейін жеткізе алмадым. Қызмет барысында қолдау берген әріптестеріме үлкен рахмет. Тек қана өздеріңізге сеніңіздер!", - деді Иманзаипов.
Айта кетері, биыл маусым айында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров ұсталған болатын. Ол кәсіпкерден пара алғаны үшін айыпталып отыр. Одан кейін қала басшысының көмекшісі де тергеуге алынды.
Облыс басшылығы Иманзаиповты қызметінен босатуға шешім қабылдады. Негізгі себептер - қол астындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту жұмыстарының тиісінше ұйымдастырылмауы, облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауы және қала әкімдігінің Павлодар тұрғындарымен коммуникациясының нашар болуы.