Еуропа Ресеймен сауданы кеңейтіп жатыр

© Photo : Pixabay/Samuel FaberУдобрение в гранулах
Удобрение в гранулах - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
Германия ресейлік тыңайтқыштарды сатып алуды 334%-ға арттырды. Меншікті өндіріс тым қымбатқа түсіп жатыр. Дегенмен Берлин Ресейден газ тәуелділігінен құтылуға тырысып, енді жаңа тәуелділікке аяқ басты, деп жазды РИА Новости.
Газ эмбаргосы Еуропа өнеркәсібінің барлық саласына әсер етті. Атап айтқанда, Еуроодақта химиялық заттар өндірісі бірнеше есе қымбаттады. Мәселен, Германияда шығындар 150%-ға ұлғайды, деп жазды Bild. Сондықтан Ресейде сатып алуды арттыруға мәжбүр.
Өткен жылғы шілдеден биылғы маусымға дейін Берлин азот тыңайтқыштарының импортын 334%-ға арттырды. Маусым ішінде отандық өнімнің жалпы көлемдегі үлесі 5,6%-дан 18%-ға, заттай есептегенде 38,5-тен 167 мың тоннаға дейін өсті. Бұл туралы Германияның ауыл шаруашылығы өнеркәсіп қауымдастығы хабарлады. Ал Еуроодақ жалпы бір жыл бұрынғыдан бес есе көп импорттады.
Berliner Zeitung (BZ) басылымы санкциялар тыңайтқыштарға қатысты болмағандықтан, бұл көлем өсе береді деп болжайды. Алайда мұндай ұлғаю "тәуелсіздік үшін күресушілерді" алаңдатып жатыр. Ауыл шаруашылығы қауымдастығының басқарушы директоры Мартин Мэй химиялық заттарды өндіру кезіндегі шығындардың 90%-ға жуығы көгілдір отынға қатысты екенін айтты. Ресейдің энергетикалық ресурстарынан бас тартуға тырысқанымен, Германия бәрібір ол үшін үлкен қаражат төлеуді жалғастырып жатыр.
Bild газеті неміс өнеркәсіпшілерінің бәсекеге түсе алмай, банкротқа ұшырап жатқанын хабарлады. BASF ең ірі химиялық тобы Людвигсхафендегі аммиак зауытының жабылатынын хабарлады. Тағы бір алпауыт – SKW Stickstoffwerke Piesteritz GmbH (SKWP) кәсіпорнына да қауіп төніп тұр. Мұнда он мыңға жуық адам жұмыс істейді. Басылымда жазылғандай, "екінші дүниежүзілік соғыстан, кеңестік экспроприациядан, ГДР заманынан аман қалған" зауыт Еуроодақ саясатының кесірінен жұмысын тоқтатуы мүмкін. Дегенмен мақала авторлары арзан газдан бас тартуды емес, үкіметтің тыңайтқыштарға тыйым салмағанын сынады.
Экономика министрлері мен жекелеген облыстардың әкімдері үкіметтен батыл әрекетті талап етуде. Олардың пікірінше, Ресей газдың ішкі бағасын өз қалауы бойынша белгілеп, нарықты арзан тыңайтқыштармен толтырып жатыр. Бұл еуропалық кәсіпорындарды кем дегенде өндірісті азайтуға мәжбүр етеді. Алайда бұл өтініштер әзірге нәтиже бермеді.
Сарапшылар Еуропада балама жоқ екенін атап өтті. Өндірістік дағдарыс өткен жылы басталды және қазір болып жатқан оқиғалар оның ұзақ мерзімді салдары болып табылады.
Нарық құрылымы кәсіпорындардың кірісіне бақылауды қарастырмайды. Сондықтан салалар бір-бірінің есебінен шығындарды өтеуге тырысады.
"Биыл газ бағасының арзандауы минералды тыңайтқыш өндірушілерге жеңілдік бермеді. Энергетикалық компаниялар оны өткен айлардағы жоғары қарқынмен сатуды жалғастыруда. Олар көбірек пайда табуда, ал химиялық зауыттар тоқырау алдында тұр", - деп түсіндірді өнеркәсіп саласының тәуелсіз сарапшысы Леонид Хазанов.
Мұндай жағдайда ресейлік тыңайтқыштарға тыйым салу елдің ауыл шаруашылығын тоқыратады. Шаруалар тыңайтқыштарды жоғары тарифпен сатып ала алмай, егіннен айырыла бастайды немесе банкротқа ұшырайды. Бұл ретте Ресей тыңайтқыштардың сенімді жеткізушісі болып табылады, ол ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделі және екі жаққа да тиімді шарттарда жұмыс істеуге қабілетті, дейді Ресей үкіметі жанындағы Қаржы университетінің "Логистикадағы цифрлық технологиялар" зертханасының меңгерушісі Дмитрий Тарасов. Оның пікірінше, жаңа эмбаргоның енгізілуі әбден мүмкін. Әрине, бұл ЕО елдерінің экономикасына үлкен соққы болса да, олардың қисынсыз шешімдер қабылдайтыны жаңалық емес.
Дегенмен, сарапшылар оқиғалардың осылай өрбісе де ресейлік өндірушілер зардап шекпейтініне сенімді.
"Олар жаңа серіктестерге, соның ішінде газ және мұнай-химия өнеркәсібі жоқ және дайын өнімге мұқтаж дамушы елдерге қайта бейімделе алады", - деді Тарасов. Бұған Азия, Африка және Латын Америкасы мемлекеттері кіреді.
Ресей экономика университетінің экономика кафедрасының доценті Александр Тимофеев ресейлік химиялық заттардың жүзден астам елде сатылып жатқанын ескертті.
"Ресейлік карбамидтің әлемдік экспорттағы үлесі 12%, калий хлориді – 20%. Саланың көшбасшылары саналатын "ЕвроХим", "ФосАгро" және "Акрон" жаңа даму стратегияларын және процестерді цифрландыруды қолдануда. "ФосАгро" бұл корпорациялар өте жоғары пайда табуға қабілетті екенін дәлелдеді. Үш-төрт жылдың ішінде өндірісті 35-37 миллион ​​тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр", - деп толықтырды сарапшы.
БҰҰ есебінде Ресейден жеткізілген тыңайтқыш экспортының 70%-ға өскені көрсетілген. Үндістан, Түркия және Вьетнам негізгі сатып алушы болып отыр. Бразилия ең ірі импорттаушы болды, қазір Африка Одағы жеткізілімдерді кеңейтумен айналысып жатыр.
15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімін екі есеге арттырды. Бес жыл ішінде екі триллион рубльден астам инвестиция салу жоспарланып отыр.
"Бұл тауар айналымы мен пайданы екі есеге арттырады", - дейді Тимофеев.
Қазір ресейлік компаниялар әлемдік тауар айналымының алты-жеті пайызын құрап, Қытайдан кейінгі екінші орында тұр. Ресейде де, бүкіл әлемде де химиялық заттарға деген қажеттілік жылдан жылға 10-20%-ға артып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, агроөнеркәсіп кешені табысының арқасында тұтыну көлемі жылына 10-15%-ға өседі. Сондықтан еуропалық нарықтың ықтимал жоғалуы өндіріске ешқандай әсер етпейді.
Жаңалықтар
0