https://sputnik.kz/20230905/erlan-nysanbaev-ekologiya-zhane-tabigi-resurstar-ministri-boldy-38183875.html
Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі болды
Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі болды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін экология министрлігін Зүлфия Сүлейменова басқарды 05.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-05T09:57+0500
2023-09-05T09:57+0500
2023-09-05T10:10+0500
қоғам
тағайындау
экология
https://sputnik.kz/img/1302/80/13028002_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_b883baac57e795261d0bfea499681b6d.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда."Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлық мәтінінде.Бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрлігін 33 жастағы Зүлфия Сүлейменова басқарды. Ол бұл қызметке биыл қаңтарда ғана келген болатын.Ерлан Нысанбаев туралы не білемізЕрлан Нұралыұлы Нысанбаев 1961 жылы 11 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.Қазақ ауыл шаруашылығы институтын "орман шаруашылығы инженері", Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "қаржы бакалавры" мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1983 жылы орман шаруашылығының шебері болып бастаған.Әр түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.2023 жылғы наурыздан бүгінге дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1302/80/13028002_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_d9e4a647bea47be4ceb25c68e1a9eb9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тағайындау, экология
Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі болды
09:57 05.09.2023 (жаңартылды: 10:10 05.09.2023) Бұған дейін экология министрлігін Зүлфия Сүлейменова басқарды
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлық мәтінінде.
Бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрлігін 33 жастағы Зүлфия Сүлейменова басқарды. Ол бұл қызметке биыл қаңтарда ғана келген болатын.
Ерлан Нысанбаев туралы не білеміз
Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев 1961 жылы 11 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ ауыл шаруашылығы институтын "орман шаруашылығы инженері", Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "қаржы бакалавры" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы орман шаруашылығының шебері болып бастаған.
Әр түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары қоршаған ортаны қорғау вице-министрі;
2014-2019 жылдары – ауыл шаруашылығы вице-министрі;
2019 – 2021 жылдары экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.
2023 жылғы наурыздан бүгінге дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі болды.