https://sputnik.kz/20230905/en-tomengi-zhalaqy-koterilgennen-keyin-khalyqtyn-turmysy-qanshalyqty-ozgeredi-38213503.html
Ең төменгі жалақы көтерілгеннен кейін халықтың тұрмысы қаншалықты өзгереді
Ең төменгі жалақы көтерілгеннен кейін халықтың тұрмысы қаншалықты өзгереді
Sputnik Қазақстан
Тамыз айында азық-түлік тауарларының жылдық бағасы 12,4 процентке көтерілді. Инфляция 13 проценттен асқан 05.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-05T19:03+0500
2023-09-05T19:03+0500
2023-09-15T09:46+0500
ең төменгі күнкөріс деңгейі
жалақы
орташа жалақы
қазақстан халқына арналған жолдау
президенттің қазақстан халқына жолдауы - 2023
https://sputnik.kz/img/1307/50/13075095_0:66:2048:1218_1920x0_80_0_0_86cb50a6fb4ec14e4a2c2de9233b0885.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге көтеріледі. Президенттің айтуынша, бұл бастама 1,8 миллион адамның тұрмысына оң әсер етеді. Бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін мыңдаған қызметкердің жалақысы көтеріледі. Sputnik Қазақстан тілшісі экономист мамандарға хабарласып, ең төменгі жалақыны көтергеннен кейін халықтың өмірі қалай өзгеретінін білді.Ақша массасына сай тауар шығару керекҚаржыгер Расул Рысмамбетов ең төменгі жалақыны көтеру салдарынан инфляция өседі деп отыр. Себебі халықта ақша көбейгесін сұраныс артады. Ал сұраныс артқан жерде баға көтеріледі.Сарапшының пікірінше, жалпы алғанда ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге көтеру дұрыс шешім. Бірақ шын мәнінде мұның өзі тым төмен.Ресми мәліметке сәйкес, тамыз айында азық-түлік тауарларының жылдық бағасы 12,4 процентке көтерілді. Инфляция 13 проценттен асқан.Ең төменгі жалақыға қосылған сома инфляциядан жоғары боладыЭкономист Айдархан Құсайынов ең төменгі жалақыны 70 мыңнан 85 мыңға көтерсе, онда қосылған сома инфляциядан сәл асып тұрады деп санайды."Мәселен, былтыр 60 мыңнан 70 мыңға көтерген кезде инфляциядан төмен болды. Бұл дегеніміз, жалақыға қосылған сома инфляцияны толығымен жаппады, ал осы жолы "сыйлық" жасағандай болып тұр. Негізі солай болуы керек", - деді Құсайынов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.Оның ойынша, 2019 жылы ең төменгі жалақыны 23 мың теңгеден 42 500-ге көтерудің саяси себебі көп болды."Бірақ бір мәселе анық, әлем бойынша бірде-бір адам ең төменгі жалақыға лайықты өмір сүре алмайды", - деп атап өтті Құсайынов.Халық үшін қандай өзгеріс боладыЭкономист Арман Байғановтың ойынша, ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге көтерсе де, халықтың тұрмысы айтарлықтай өзгермейді."Қазір ондай жалақы алатын адам жоқ қой. Халықтың басым бөлігі ең аз 150-170 мың, 200 мың теңгеге жақын алады. Сондықтан ең төменгі жалақыны 85 мыңға көтерсе де, халықтың өмірі айтарлықтай өзгермейді", - дейді Байғанов.Сарапшының айтуынша, қазіргі кезде инфляция жоғары болып тұр. Сол себепті үкімет ең төменгі жалақыны сәл көтеріп, статистиканы "жаңартып" жатыр."Бұл шара адамдар жақсы өмір сүріп кететіндей жағдай жасамайды. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қатты өсіп кетпейді. Олар онсыз да кем дегенде 100 мың алады. Сондықтан ең төменгі жалақы халықтың өмірін түбегейлі өзгертеді деп айта алмаймын. Инфляцияға да әсер етпейді", - деп түйіндеді Байғанов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1307/50/13075095_227:0:2048:1366_1920x0_80_0_0_76d5c7065af2278029d6d8bc77a4dec5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
ең төменгі күнкөріс деңгейі, жалақы, орташа жалақы, қазақстан халқына арналған жолдау
ең төменгі күнкөріс деңгейі, жалақы, орташа жалақы, қазақстан халқына арналған жолдау
Ең төменгі жалақы көтерілгеннен кейін халықтың тұрмысы қаншалықты өзгереді
19:03 05.09.2023 (жаңартылды: 09:46 15.09.2023) Тамыз айында азық-түлік тауарларының жылдық бағасы 12,4 процентке көтерілді. Инфляция 13 проценттен асқан
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге көтеріледі. Президенттің айтуынша, бұл бастама 1,8 миллион адамның тұрмысына оң әсер етеді. Бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін мыңдаған қызметкердің жалақысы көтеріледі. Sputnik Қазақстан тілшісі экономист мамандарға хабарласып, ең төменгі жалақыны көтергеннен кейін халықтың өмірі қалай өзгеретінін білді.
Ақша массасына сай тауар шығару керек
Қаржыгер Расул Рысмамбетов ең төменгі жалақыны көтеру салдарынан инфляция өседі деп отыр. Себебі халықта ақша көбейгесін сұраныс артады. Ал сұраныс артқан жерде баға көтеріледі.
"Қазір жылдық инфляция 13,1 процент болып тұр, енді 14 проценттен асып кетуі мүмкін. Негізі бұл – қалыпты процесс, ақша массасы көбейгенде баға өседі. Бірақ ең бастысы ол бос ақша болмауы керек, соған сай тауарлар мен қызметтер шығарылуы шарт. Мәселен ақша массасы 5 процентке ұлғайса, онда тауарлар мен қызметтердің көлемі 4-5 процентке артуы керек", - дейді Рысмамбетов.
Сарапшының пікірінше, жалпы алғанда ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге көтеру дұрыс шешім. Бірақ шын мәнінде мұның өзі тым төмен.
Ресми мәліметке сәйкес, тамыз айында азық-түлік тауарларының жылдық бағасы 12,4 процентке көтерілді. Инфляция 13 проценттен асқан.
Ең төменгі жалақыға қосылған сома инфляциядан жоғары болады
Экономист Айдархан Құсайынов ең төменгі жалақыны 70 мыңнан 85 мыңға көтерсе, онда қосылған сома инфляциядан сәл асып тұрады деп санайды.
"Мәселен, былтыр 60 мыңнан 70 мыңға көтерген кезде инфляциядан төмен болды. Бұл дегеніміз, жалақыға қосылған сома инфляцияны толығымен жаппады, ал осы жолы "сыйлық" жасағандай болып тұр. Негізі солай болуы керек", - деді Құсайынов S
putnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның ойынша, 2019 жылы ең төменгі жалақыны 23 мың теңгеден 42 500-ге көтерудің саяси себебі көп болды.
"Бірақ бір мәселе анық, әлем бойынша бірде-бір адам ең төменгі жалақыға лайықты өмір сүре алмайды", - деп атап өтті Құсайынов.
Халық үшін қандай өзгеріс болады
Экономист Арман Байғановтың ойынша, ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге көтерсе де, халықтың тұрмысы айтарлықтай өзгермейді.
"Қазір ондай жалақы алатын адам жоқ қой. Халықтың басым бөлігі ең аз 150-170 мың, 200 мың теңгеге жақын алады. Сондықтан ең төменгі жалақыны 85 мыңға көтерсе де, халықтың өмірі айтарлықтай өзгермейді", - дейді Байғанов.
Сарапшының айтуынша, қазіргі кезде инфляция жоғары болып тұр. Сол себепті үкімет ең төменгі жалақыны сәл көтеріп, статистиканы "жаңартып" жатыр.
"Бұл шара адамдар жақсы өмір сүріп кететіндей жағдай жасамайды. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қатты өсіп кетпейді. Олар онсыз да кем дегенде 100 мың алады. Сондықтан ең төменгі жалақы халықтың өмірін түбегейлі өзгертеді деп айта алмаймын. Инфляцияға да әсер етпейді", - деп түйіндеді Байғанов.