Бұрынғы ішкі істер министрі облыс әкімі болып тағайындалды

© Photo : министерство внутренних дел Республики КазахстанМарат Ахметжанов
Марат Ахметжанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақорда президенттің тиісті жарлығын жариялады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Ахметжанов туралы не білеміз?

Ахметжанов Марат 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.1991 жылы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Ол ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы, бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы болды.
2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары – Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012-2014 жылдары –экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдары – Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.
2021 - 2022 жылдары - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
2022 жылдың 25 ақпанында ішкі істер министрі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
0