https://sputnik.kz/20230905/astanada-mektep-oqushylary-bir-birin-taptap-kete-zhazdady--video-38214211.html
Астанада мектеп оқушылары бір-бірін таптап кете жаздады – видео
Астанада мектеп оқушылары бір-бірін таптап кете жаздады – видео
Sputnik Қазақстан
Үшінші ауысымның оқушылары алтыншы сабақтан кейін бір уақытта шыққан 05.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-05T16:36+0500
2023-09-05T16:36+0500
2023-09-05T16:36+0500
астана
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_865e189718fe035e2479aed1a6944676.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласының білім басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Видеода жүздеген оқушының кептеліп қалғаны анық көрініп тұр. "Помогите! Помогите!" деген сөздер естіледі.Қалалық білім басқармасы бұл жағдайға мектеп тапшылығы себеп болды деп отыр. Бүгінде бірнеше мектепте балалар үш ауысыммен оқиды. Сыныптарда ине шаншар жер жоқ. 71 мектеп-лицей де сондай мектептерге жатады. Желіде тараған видео осы білім ордасында түсірілген.Шенеуніктердің айтуынша, қазіргі кезде бұл проблема уақытша шешілді. Енді оқушылар сырт киімін әрбір қабатта қалдыра алады. Соның арқасында видеода түсірілген кептеліс бұдан былай қайталанбайды.Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, бүгінде үш ауысыммен оқитын мектептерді азайту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы оқу жылында 11 мектеп ашылады деген жоспар бар. Бүгінде төртеуі өз жұмысын бастап кетті.Ал "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары барлығы 24 мектеп салынады. Осылайша, қосымша 90 мың орын болады. Соның ішінде Есіл мен Нұра аудандарында 15 жаңа мектеп ашылады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_c36257e308b0a10aa796bc4c282abb8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мектеп
Астанада мектеп оқушылары бір-бірін таптап кете жаздады – видео
Үшінші ауысымның оқушылары алтыншы сабақтан кейін бір уақытта шыққан
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласының білім басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Видеода жүздеген оқушының кептеліп қалғаны анық көрініп тұр. "Помогите! Помогите!" деген сөздер естіледі.
Қалалық білім басқармасы бұл жағдайға мектеп тапшылығы себеп болды деп отыр. Бүгінде бірнеше мектепте балалар үш ауысыммен оқиды. Сыныптарда ине шаншар жер жоқ. 71 мектеп-лицей де сондай мектептерге жатады. Желіде тараған видео осы білім ордасында түсірілген.
"71 мектеп-лицей (І.Омаров көшесі, 4) үш ауысыммен оқиды. Үшінші ауысымның оқушылары алтыншы сабақтан кейін бір уақытта шыққан. Сол кезде кезекшілер сырт киімді беріп үлгермеген", - дейді басқарма мамандары.
Шенеуніктердің айтуынша, қазіргі кезде бұл проблема уақытша шешілді. Енді оқушылар сырт киімін әрбір қабатта қалдыра алады. Соның арқасында видеода түсірілген кептеліс бұдан былай қайталанбайды.
Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, бүгінде үш ауысыммен оқитын мектептерді азайту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы оқу жылында 11 мектеп ашылады деген жоспар бар. Бүгінде төртеуі өз жұмысын бастап кетті.
Ал "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары барлығы 24 мектеп салынады. Осылайша, қосымша 90 мың орын болады. Соның ішінде Есіл мен Нұра аудандарында 15 жаңа мектеп ашылады.