Астанада "Алаш қайраткерлері" ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайтыАстанада "Алаш қайраткерлері" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Астанада Алаш қайраткерлері ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
Бүгін – Алаш қайраткерлерінің бірі, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бүгін Астанадағы "Алаш қайраткерлері" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
"Ғалымның ұшан-теңіз еңбегі ұлт жүрегінен орын тапқандықтан халқы "Ұлттың рухани көсемі" деп ардақтап ат берді. Ахмет Байтұрсынұлы бар біз бақытты халықпыз. Сол бақытымызды қадірлей білейік, ағайын. Бүгінгі мейраммен баршаңызды құттықтаймын. Қазақ барда қазақ тілі болады. Ал тілді сақтау – әрбір адамның азаматтық борышы", - деді академик Ғарифолла Есім.
Жиын соңында Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры актерлері "Алаш жолы" қойылымынан үзінді сахналады.
Биыл елімізде қазақтың ірі тұлғаларының мерейтойы аталып өтіп жатыр. Атап айтқанда, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мәшһүр Жүсіптің туғанына – 165 жыл, Мағжан Жұмабайұлы мен Сұлтанмахмұт Торайғыровқа – 130 жыл, Халел Досмұхамедовке – 140 жыл, сондай-ақ "Қазақ" газетінің шыққанына – 110 жыл. Бұл атаулы күндерді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы кең көлемде ұйымдастырып келеді.
Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2023
"Тәркіленген Алаш зиялыларының еңбектері": Жүсіпбек Аймауытовтың өлеңі табылды
Жаңалықтар
0