https://sputnik.kz/20230905/aqtobe-oblysynda-auyl-turgyndary-gazga-ulanyp-aurukhanaga-tusti-38182062.html
Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газға уланып ауруханаға түсті
Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газға уланып ауруханаға түсті
Sputnik Қазақстан
Газ тарату станциясындағы жөндеу жұмыстарынан кейін бірнеше ауылдың тұрғындары газдың өткір иісіне шағымданған 05.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-05T09:19+0500
2023-09-05T09:19+0500
2023-09-05T09:19+0500
өңірлер
ақтөбе облысы
жаңалық
газ
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0d/30285926_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_207ca73a2f9d7b51cfa046233a69b75d.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының сегіз тұрғыны газдан улану белгілерімен дәрігерлерге жүгінді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.4 қыркүйек кешкі сегіздер шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындары газдың өткір иісіне шағымданған.Алдын ала ақпарат бойынша, Шұбарши ауылындағы газ тарату станциясы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоспарлы түрде толық тоқтатылған. Ережеге сәйкес газды тоқтатып, ашатын кранды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарынан кейін иісі өткір "одорант" деп аталатын газ жіберіледі.Алайда Кеңқияқ ауылының ауруханасына 8 тұрғын газдан улану белгілерімен жүгінген. Қазіргі уақытта барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.Осы дерек бойынша экология, СЭС және ТЖ департаменті уақытылы хабардар етілді. Жағдай бақылауда, деп сендірді әкімдіктегілер.
https://sputnik.kz/20230307/tarazda-bir-otbasynyn-5-adamy-gazdan-ulanyp-qaldy-32756281.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0d/30285926_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_e76da27a22f4a05cd2d04e3bb2c00677.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, жаңалық , газ
ақтөбе облысы, жаңалық , газ
Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газға уланып ауруханаға түсті
Газ тарату станциясындағы жөндеу жұмыстарынан кейін бірнеше ауылдың тұрғындары газдың өткір иісіне шағымданған
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының сегіз тұрғыны газдан улану белгілерімен дәрігерлерге жүгінді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
4 қыркүйек кешкі сегіздер шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындары газдың өткір иісіне шағымданған.
Алдын ала ақпарат бойынша, Шұбарши ауылындағы газ тарату станциясы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоспарлы түрде толық тоқтатылған. Ережеге сәйкес газды тоқтатып, ашатын кранды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарынан кейін иісі өткір "одорант" деп аталатын газ жіберіледі.
"Жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін "Техногаз" ЖШС мамандары Кеңқияқ, Саркөл ауылдарының үйлерін аралап шықты. Нәтижесінде газдың таралу деректері анықталған жоқ", - делінген хабарламада.
Алайда Кеңқияқ ауылының ауруханасына 8 тұрғын газдан улану белгілерімен жүгінген. Қазіргі уақытта барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Осы дерек бойынша экология, СЭС және ТЖ департаменті уақытылы хабардар етілді. Жағдай бақылауда, деп сендірді әкімдіктегілер.