https://sputnik.kz/20230904/toqaev-ulttyq-banktin-zhana-basshysyna-manyzdy-mindetter-zhuktedi-38175324.html
Тоқаев Ұлттық банктің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді
Тоқаев Ұлттық банктің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді
Sputnik Қазақстан
Президенттің пікірінше, Ұлттық банктің үшінші елдердің орталық банктерімен және қаржы институттарымен өзара іс-әрекетіне қатысты мәселелерге ерекше назар... 04.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-04T17:41+0500
2023-09-04T17:41+0500
2023-09-04T17:41+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/09/04/38174755_67:0:1214:645_1920x0_80_0_0_2cc00793b534889f132375168de66766.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің басшылығына жаңа төраға Тимур Сүлейменовті таныстырды, деп хабарлады Ақорда.Президент жаңадан тағайындалған басшының қаржы-экономикалық бағытта мол тәжірибесі бар екенін және қаржы реттеушісінің қызметін жетік білетінін, төрт жылдан астам уақыт президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық блогын басқарғанын атап өтті.Мемлекет басшысы атқарған жұмысы үшін Ғалымжан Пірматовқа алғыс айтып, қабылданған шаралардың нәтижесінде макроэкономикалық, қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілгенін атап өтті.Президент Ұлттық банкке инфляцияны төмендету, қаржы технологиялары мен инновацияны дамыту және келесі жылы ұлттық төлем жүйесін толыққанды іске қосу жөнінде маңызды міндеттер жүктелгенін хабарлады.Оның пікірінше, халықаралық қаржылық ынтымақтастыққа және Ұлттық банктің үшінші елдердің орталық банктерімен және қаржы институттарымен өзара іс-әрекетіне қатысты мәселелерге ерекше назар аудару қажет."Қазіргі геосаяси жағдайда еліміздің қаржы жүйесіне жаһандық реттеушілердің қызығушылығы артып келеді. Сондықтан осындай қарым-қатынас орнатуда теңгерімді әрі тиімді жол табу және елдің қаржылық қауіпсіздігі үшін тәуекелдер мен салдарға тиісті баға беруді қамтамасыз ету маңызды", – деді түйіндеді Тоқаев.Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің ұжымы жүктелген барлық міндетті жүзеге асыра алатынына сенім білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/04/38174755_210:0:1070:645_1920x0_80_0_0_70149308915ee8b96cd5739835cc7df3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Ұлттық банктің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді
Президенттің пікірінше, Ұлттық банктің үшінші елдердің орталық банктерімен және қаржы институттарымен өзара іс-әрекетіне қатысты мәселелерге ерекше назар аудару қажет
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің басшылығына жаңа төраға Тимур Сүлейменовті таныстырды, деп хабарлады Ақорда.
Президент жаңадан тағайындалған басшының қаржы-экономикалық бағытта мол тәжірибесі бар екенін және қаржы реттеушісінің қызметін жетік білетінін, төрт жылдан астам уақыт президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық блогын басқарғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы атқарған жұмысы үшін Ғалымжан Пірматовқа алғыс айтып, қабылданған шаралардың нәтижесінде макроэкономикалық, қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Президент Ұлттық банкке инфляцияны төмендету, қаржы технологиялары мен инновацияны дамыту және келесі жылы ұлттық төлем жүйесін толыққанды іске қосу жөнінде маңызды міндеттер жүктелгенін хабарлады.
"Біз бизнесті жеткілікті дәрежеде несиелендіруді қамтамасыз ету міндетін көтергенімізге бір жыл ғана болған жоқ. Бұл жұмысты жеделдету қажеттігі жөнінде мен Қазақстан халқына Жолдауымда мәлімдедім. Аталған мәселе бойынша теңгерімді шешім табу, жаңа тәсілдерді, құралдар мен тетіктерді енгізу ісін белсенді түрде ынталандыру маңызды", – деді президент.
Оның пікірінше, халықаралық қаржылық ынтымақтастыққа және Ұлттық банктің үшінші елдердің орталық банктерімен және қаржы институттарымен өзара іс-әрекетіне қатысты мәселелерге ерекше назар аудару қажет.
"Қазіргі геосаяси жағдайда еліміздің қаржы жүйесіне жаһандық реттеушілердің қызығушылығы артып келеді. Сондықтан осындай қарым-қатынас орнатуда теңгерімді әрі тиімді жол табу және елдің қаржылық қауіпсіздігі үшін тәуекелдер мен салдарға тиісті баға беруді қамтамасыз ету маңызды", – деді түйіндеді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің ұжымы жүктелген барлық міндетті жүзеге асыра алатынына сенім білдірді.