Тайландта суға батып кеткен жігіт блогер болған

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өту Тайландтағы жағажай
 Тайландтағы жағажай - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Жазылу
Марқұм Youtube-те белсенді болған. 15 жасынан бастап шетелде қыдырып жүрген
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Тайландта суға батып кеткен қазақстандыққа қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 1 қыркүйекте Қазақстанның Тайландтағы елшілігіне Пхукет аралында қазақстандықтың суға батып кеткені туралы ақпарат түскен. Консул дереу полиция мен жергілікті билікке хабарласқан. Іздестіру шарлары екі күнге созылды.
"Кеше, 3 қыркүйекте денесі судан шығарылды. Бірақ суда екі күн болғаннан кейін оны тану мүмкіндігі қиындады. Сондықтан әке-шешесі бүгін мәйітті тануға барып, өз баласы екенін растады", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
18 жастағы жігіт бірнеше айдан бері Тайландта жалғыз өзі жүрген, жұмыс істеген.
"Өзі Youtube-те белсенді болған. 15 жасынан бастап шетелде қыдырып жүріпті. Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Әке-шешесіне барлық көмек көрсетіледі. Жақын арада денесі Қазақстанға жеткізіледі", - деп атап өтті Смадияров.
Қазіргі болжамға сәйкес, ол күні теңізде қатты толқындар болған. Жас жігіт оған төтеп бере алмай, суға батып кеткен.
Пхукет полициясы суға батып кеткен қазақстандық туристің денесін тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2023
Таиландта қазақстандық турист суға батып кетті
Жаңалықтар
0