Қоғам

Қазақстанда тегін қоңырау шалып, көмек сұрауға болатын бірыңғай нөмір пайда болады

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Жазылу
Еліміздегі шұғыл қызметтер тізімі тағы бір байланыс орталығымен толығады
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі "111 Аманат" байланыс орталығы пайда болады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Атап айтқанда тізім "отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі "111 Аманат" байланыс орталығымен" толығады.
"Жобаның негізгі мақсаты – ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселе бойынша бастапқы консультациялар өткізу үшін әрбір азаматқа тегін қосылу байланыс қызметтерін ұсыну", - делінген негіздемеде.
"111" бірыңғай нөміріне ересектер мен балалар қоңырау шала алады. Азаматтар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар құқығының бұзылғаны, өмірі мен денсаулығына төнген қауіп және тағы басқалар туралы хабарлай алады.
Қаулы жобасы 18 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды.
Жаңалықтар
0