Өңірлер

"Қазақстан" шахтасындағы апат: тергеу тағы 10 күнге созылды

Қазақстан шахтасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Жазылу
Шахтада өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысында өрт шыққан "Қазақстан" шахтасында не болып жатқанын айтты.
Ведомство ақпаратынша, шахтадағы апатты тергеу тағы 10 күнге созылады.
"Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан болған апатты тергеу жөніндегі үкімет комиссиясының жұмысы 10 жұмыс күніне ұзартылды", - делінген хабарламада.
Қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп жатыр, көмек көрсету үшін 14 кенші жұмылдырылған.
Тоғыз бөгет тұрғызылды және 100% толтырылды, 3 бөгеттің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. Өрт ошақтары әлі сөндіріліп жатыр. Газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды, деп атап өтті ТЖМ.
Еске салсақ, 17 тамыз күні сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенді. ТЖ кезінде жер астында 227 кенші болған, оның 222-сі құтқарылды. Өкінішке қарай, бес адам қаза тапты.
Қазақстан шахтасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2023
"Қазақстан" шахтасында кен өндіру жұмыстары толығымен тоқтатылды
Жаңалықтар
0