Менингококк жұқтырған: Көкшетау ауруханасында алты сарбаз қалды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Жазылу
Дәрігерлер қалған әскери қызметкерлердің бақылау анализінің қорытындысын күтіп отыр
КӨКШЕТАУ, 4 қыркүйек – Sputnik. Көкшетаудағы көпсалалы қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде алты сарбаз қалды. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалады. Қалған жігіттер әскери бөлімге оралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бөлімшеде 22 сарбаз қалған еді. Алтауынан басқасы бүгін шығарылып жатыр. Жағдайы тұрақты, бақылау анализінің қорытындысын күтіп отырмыз", - дейді көпсалалы клиниканың директоры Сәкен Қалымжанов.
Дәрігерлер денесіқұрысып, тіпті жүрегі тоқтап қалған ауыр науқас туралы да жақсы жаңалық айтты. Дәрігерлер реанимацияны сәтті жүргізіп, науқасты аман алып қалды. Ол ертең шығарылады, деді медицина мекемесінің бас дәрігері.
Әскери бөлімде барлық шектеу шарасы орындалып жатыр: үй-жайлар желдетіліп, дезинфекция жүргізіліп жатыр, сарбаздардың дене қызуы өлшеніп тұрады.
"Науқастардың көпшілігі ауруханадан шығарылды, қайташағымданғанжоқ", - деп атап өтті 5510 әскери бөлімі.
Сарбаздар әзірге қаланы күзетуге шықпайды. Әскери бөлімдегілер менингококк инфекциясының қайдан жұққанын көрсететін қызметтік тергеудің нәтижесін күтіп отыр.
Еске сала кетейік, тамыз айының соңында елуге жуық сарбаз қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне түскен болатын. Олардың қызуы көтеріліп, басы ауырып, қалтыраған. Кейінірек бесеуінен менингококк бактериясы, төртеуінен энтеровирусты инфекция анықталды. Қалғанында әдеттегі ЖРВИ табылды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2023
"Олардың бірі өлуге шақ қалды": Көкшетауда 44 сарбаз ауруханаға түсті
Жаңалықтар
0