https://sputnik.kz/20230904/aua-rayy-qanday-bolatynyn-aytty-38160147.html
Қар және жаңбыр: синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Қар және жаңбыр: синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн салқын, жаңбырлы болады, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.
2023-09-04T11:59+0500
2023-09-04T11:59+0500
2023-09-04T11:59+0500
өңірлер
ауа райы болжамы
https://sputnik.kz/img/222/78/2227874_0:183:3073:1911_1920x0_80_0_0_6328df33eac7b64be43c283ffe25380e.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн салқын, жаңбырлы болады, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда ауа райы жауын-шашынды, 5 қыркүйекте қатты жаңбыр және жылбысқы қар жауады деп болжанып отыр.Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында сынап бағанасы түнде 2-10 градус жылы көрсетсе, күндіз 10-20 градусқа дейін жоғарылайды.5 қыркүйекте ірі қалаларда ауа райы қандай боладыАстанада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +11, күндіз +14 градус.Алматыда күн ашық. Түнде +12 градус, күндіз +23 градус.Шымкентте де күн ашық. Түнде +12 градус, күндіз +26 градус жылы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/222/78/2227874_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_3b461cb21c33b37b565da4db96d87563.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы
Қар және жаңбыр: синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Қазгидромет 5-7 қыркүйек аралығына ауа райы болжамын ұсынды
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн салқын, жаңбырлы болады, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда ауа райы жауын-шашынды, 5 қыркүйекте қатты жаңбыр және жылбысқы қар жауады деп болжанып отыр.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында сынап бағанасы түнде 2-10 градус жылы көрсетсе, күндіз 10-20 градусқа дейін жоғарылайды.
5 қыркүйекте ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Астанада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +11, күндіз +14 градус.
Алматыда күн ашық. Түнде +12 градус, күндіз +23 градус.
Шымкентте де күн ашық. Түнде +12 градус, күндіз +26 градус жылы.