https://sputnik.kz/20230903/tabigatta-uaqyt-otkizu-ushin-taptyrmas-kolik-petropavl-turgyny-keme-zhasap-zhatyr-38137979.html
"Табиғатта уақыт өткізу үшін таптырмас көлік": Петропавл тұрғыны кеме жасап жатыр
"Табиғатта уақыт өткізу үшін таптырмас көлік": Петропавл тұрғыны кеме жасап жатыр
Sputnik Қазақстан
Шебер туындыны құрастыруға 20 жылдан астам уақыт жұмсаған. Қазір шағын кеме 80 процентке дайын 03.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-03T08:51+0500
2023-09-03T08:51+0500
2023-09-03T08:51+0500
петропавл
кеме
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1c/15870067_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_bc09de9566ba44c6a672bdc84a4c9fe7.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны Евгений Осташко ұзындығы 5 метрден асатын су көлігін жасап жатыр. Ол үшін өз пәтерін цехқа айналдырған, деп хабарлады Хабар 24.Евгений Осташко су көліктеріне бала кезінен құмар. Бұл оның өз қолымен жасаған алтыншы туындысы. Қария осыдан 23 жыл бұрын оны пәтерінде құрастыра бастады. Ал жақында оны сыртқа шығарды. Тек бесінші қабаттан кемені кранмен бөлшектеп түсіруге тура келді.Қазір шебердің туындысы 80 процентке дайын. Оны журналдағы сызбаларға қарап құрастырған. Сәтін салса, көктемде құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Қырлап-сырлап, арнайы қозғалтқыш орнатпақшы. Осылайша алда Есіл өзенімен алыс сапарға аттанбақ."Демалыс күндері табиғат аясында уақыт өткізу үшін таптырмас көлік. Жағада шатыр құрып әуре болмайсың. Алты адамға арналған жатын орны бар. Әрі бұл кеме 1,5 метрлік толқынға қарсы жүзе алады. Болашақта сынақтан өткіземін. Сол күнді асыға күтіп жүрмін", - дейді қала тұрғыны.Евгений Осташко бұл кемесін "Славия 2000" деп атады. Ол келер жылы су айдынына шығарылады.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1c/15870067_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_5ae42f27e5bbcbcf9115dd9266111f5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, кеме
"Табиғатта уақыт өткізу үшін таптырмас көлік": Петропавл тұрғыны кеме жасап жатыр
Шебер туындыны құрастыруға 20 жылдан астам уақыт жұмсаған. Қазір шағын кеме 80 процентке дайын
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны Евгений Осташко ұзындығы 5 метрден асатын су көлігін жасап жатыр. Ол үшін өз пәтерін цехқа айналдырған, деп хабарлады
Хабар 24. Евгений Осташко су көліктеріне бала кезінен құмар. Бұл оның өз қолымен жасаған алтыншы туындысы. Қария осыдан 23 жыл бұрын оны пәтерінде құрастыра бастады. Ал жақында оны сыртқа шығарды. Тек бесінші қабаттан кемені кранмен бөлшектеп түсіруге тура келді.
"Бөлмемнің ұзындығы бар болғаны алты метр. Ал мына қайық болса бес метр. Барлық жиhазды жертөлеге шығарып тастадым. Осылайша қолда бар материалмен құрастырдым. Жиырма жылдан астам уақыт пәтерде тұрды. Қазір бөлмем әжептәуір кеңейіп қалған секілді. Жалпы бұл қайықты жасап жатқанымды көбі білмеді", - дейді Евгений Осташко.
Қазір шебердің туындысы 80 процентке дайын. Оны журналдағы сызбаларға қарап құрастырған. Сәтін салса, көктемде құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Қырлап-сырлап, арнайы қозғалтқыш орнатпақшы. Осылайша алда Есіл өзенімен алыс сапарға аттанбақ.
"Демалыс күндері табиғат аясында уақыт өткізу үшін таптырмас көлік. Жағада шатыр құрып әуре болмайсың. Алты адамға арналған жатын орны бар. Әрі бұл кеме 1,5 метрлік толқынға қарсы жүзе алады. Болашақта сынақтан өткіземін. Сол күнді асыға күтіп жүрмін", - дейді қала тұрғыны.
Евгений Осташко бұл кемесін "Славия 2000" деп атады. Ол келер жылы су айдынына шығарылады.