Павлодарда бір топ жасөспірім балаларды қорқытып жүр - полиция түсініктеме берді

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины с ножом в руке
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда сауда орталығында пышақ пен бұрышты баллонмен қаруланған бір топ жасөспірім өздерінен кіші балаларға тиісіп, оларды қорқытқан, деп хабарлады қала тұрғыны павлодарлық пабликтердің бірінде.
"Мен Batyr Mall аумағындағы скейт саябағында болған жағдай туралы баяндағым келеді. Менің балам және оның достары жыл сайын осы жерде скейт тебеді, күні бойы бірге уақыт өткізеді. Енді мұнда бұзақылар пайда болған, олардың жасы 13 пен 17 аралығында. Өздері скейт теппейді, тек топ болып келеді, өздерін "мафия" деп атайды. Өздерімен бірге бұрышты баллон, бәкі іспеттес пышақ алып жүреді. Олар соқтықпай жүрген балаларға тиісіп, олармен жанжал тудыруға тырысады, қысым көрсетіп, екі балаға "ақша әкел" деп бұйырыпты. Бұл мафияның қатысушылары 29 және 36 мектептің оқушылары", - деді жазды әйел.
Оның айтуынша, 2 қыркүйекте жанжал соңы төбелеске ұласқан. Балалар өздері полиция шақырған. Бұзақыларды тәртіп сақшылары алып кеткен.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек тіркелгенін хабарлады. Сот-медициналық сараптама жасалады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл Павлодарда жасөспірімдер агрессия танытқан бірінші оқиға емес. Sputnik Қазақстан хабарлағандай, биыл 24 шілдеде жергілікті университеттің стадионында бір топ жасөспірім 13 жастағы ұл баланы аяусыз соққыға жыққан. Зардап шеккен бала орташа деңгейдегі көптеген дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
Жасөспірімді ұрып-соқты деген күдікке ілінген екі кәмелетке толмаған балаға қатысты қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігінің 5,7,11-тармақтары (Кәмелетке толмаған адамға қатысты адамдар тобының бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша бопсалау фактісі де тіркелді.
Сот соққыға жыққандарға қатысты үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.
Жаңалықтар
0