https://sputnik.kz/20230903/panfilov-diviziyasynyn-songy-sarbazy-omirden-otti-38140328.html
Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы өмірден өтті
Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы өмірден өтті
Sputnik Қазақстан
Аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының сарбазы бір аптадан кейін 102 жасқа толатын еді 03.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-03T10:08+0500
2023-09-03T10:08+0500
2023-09-03T10:08+0500
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e7/09/03/38139564_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_8413159a701002d2a3e6a82504a4733f.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері Қайырлы Жонқабаев қайтыс болды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.Ардагердің көзі тірі болғанда 10 қыркүйекте 102 жасқа толатын еді, деп толықтырды ведомство.Аты аңызға айналған қарт жауынгерді жерлеу рәсімі кеше Боролдай зиратында өтті. Ардагер жұбайының жанына жерленді.Қайырлы Жонқабаев 1921 жылы Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында дүниеге келген. Қайырлы Уатайұлы майданға аттанғанға дейін Шығыс Қазақстан облысында орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған.1941 жылы Панфилов дивизиясының 23-гвардиялық полкінің жауынгері болды, бүкіл соғысты бастан өткерді. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада 8-гвардиялық атқыштар дивизиясында пулеметші болған.Өзінің дивизиясымен Беларусті, Польшаны, Эстонияны азат етуге қатысты. 1943 жылы ақпанда Ржев түбіндегі қанды шайқаста жараланып, жеңісті Дрезденде қарсы алды.Соғыстан кейін Самар аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Кейін аудандық тұтынушылар одағы жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. 1970 жылдан 1983 жылға дейін Алматы қаласындағы қоғамдық тамақтандыру жүйесінде шаруашылық есеп директоры болды. 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. Бес бала тәрбиелеп өсірді.Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін "Қызыл Жұлдыз" және ІІ дәрежелі "Отан соғысы" ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін" медальдарымен, сондай-ақ бірнеше наградамен марапатталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/03/38139564_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_aa02d16f5aef60be021abdb7ccdc6ff3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері
Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы өмірден өтті
Аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының сарбазы бір аптадан кейін 102 жасқа толатын еді
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері Қайырлы Жонқабаев қайтыс болды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Ардагердің көзі тірі болғанда 10 қыркүйекте 102 жасқа толатын еді, деп толықтырды ведомство.
Аты аңызға айналған қарт жауынгерді жерлеу рәсімі кеше Боролдай зиратында өтті. Ардагер жұбайының жанына жерленді.
Қайырлы Жонқабаев 1921 жылы Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында дүниеге келген. Қайырлы Уатайұлы майданға аттанғанға дейін Шығыс Қазақстан облысында орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған.
1941 жылы Панфилов дивизиясының 23-гвардиялық полкінің жауынгері болды, бүкіл соғысты бастан өткерді. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада 8-гвардиялық атқыштар дивизиясында пулеметші болған.
Өзінің дивизиясымен Беларусті, Польшаны, Эстонияны азат етуге қатысты. 1943 жылы ақпанда Ржев түбіндегі қанды шайқаста жараланып, жеңісті Дрезденде қарсы алды.
Соғыстан кейін Самар аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Кейін аудандық тұтынушылар одағы жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. 1970 жылдан 1983 жылға дейін Алматы қаласындағы қоғамдық тамақтандыру жүйесінде шаруашылық есеп директоры болды. 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. Бес бала тәрбиелеп өсірді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін "Қызыл Жұлдыз" және ІІ дәрежелі "Отан соғысы" ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін" медальдарымен, сондай-ақ бірнеше наградамен марапатталған.