https://sputnik.kz/20230903/aleumettik-zhelide-eks-general-kudebaevtyn-turmedegi-sureti-tarady-38142947.html
Әлеуметтік желіде экс-генерал Күдебаевтың түрмедегі суреті тарады
Әлеуметтік желіде экс-генерал Күдебаевтың түрмедегі суреті тарады
Sputnik Қазақстан
Бұрынғы құқық қорғау органдарында қызмет еткен сотталғандардың түрмедегі жағдайы қазақстандықтардың арасында дау тудырды 03.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-03T14:06+0500
2023-09-03T14:06+0500
2023-09-03T14:06+0500
түрме
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32551142_0:0:3640:2047_1920x0_80_0_0_13bafe4400d7752c8a4e622736a24210.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі экс-генерал Серік Күдебаевтың түзету мекемесінде жаза мерзімін бірге өтеп жатқандармен түскен суретіне қатысты жауап берді. Бұрынғы жоғары лауазымды полицей Шығыс Қазақстан облысындағы колониялардың бірінде қамауда екені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әлеуметтік желіде Серік Күдебаевтың суреті пайда болды. Пост авторы суреттегі сотталғандардың барлығы бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткенін және кадрдағы сәтте олар Конституция күнін тойлап жатқанын жазды. Автор түзету мекемесінде жағдай жақсы екеніне тоқталып, мол дастарқан жайылғанын да тілге тиек етеді.ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл сурет Шығыс Қазақстан облысында орналасқан 22 мекемеде түсірілген деп түсіндірді. Енді сотталғандардың ұялы телефон пайдалану фактісі бойынша қызметтік тексеріс басталды.Ведомство ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, сотталғандар сәлемдеме және жеткізілім түрінде азық-түлік алуға құқылы екенін мәлімдеді. Олардың бос уақытта арнайы бөлінген үй-жайларда тамақтануға құқығы бар екені және бұл талаптар мекеменің барлық түріне қатысты екені түсіндірілді."Әрбір түскен ақпарат мұқият тексеріліп, заң бұзушылық расталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдаймыз", - деп хабарлады крмитеттің баспасөз қызметі.
https://sputnik.kz/20230428/general-qudebaev-sotta-songy-sozin-aytty-34388575.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32551142_456:0:3185:2047_1920x0_80_0_0_59dd6faeb27b8d820baceb219e432314.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрме
Әлеуметтік желіде экс-генерал Күдебаевтың түрмедегі суреті тарады
Бұрынғы құқық қорғау органдарында қызмет еткен сотталғандардың түрмедегі жағдайы қазақстандықтардың арасында дау тудырды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі экс-генерал Серік Күдебаевтың түзету мекемесінде жаза мерзімін бірге өтеп жатқандармен түскен суретіне қатысты жауап берді. Бұрынғы жоғары лауазымды полицей Шығыс Қазақстан облысындағы колониялардың бірінде қамауда екені белгілі болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде Серік Күдебаевтың суреті пайда болды. Пост авторы суреттегі сотталғандардың барлығы бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткенін және кадрдағы сәтте олар Конституция күнін тойлап жатқанын жазды. Автор түзету мекемесінде жағдай жақсы екеніне тоқталып, мол дастарқан жайылғанын да тілге тиек етеді.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл сурет Шығыс Қазақстан облысында орналасқан 22 мекемеде түсірілген деп түсіндірді. Енді сотталғандардың ұялы телефон пайдалану фактісі бойынша қызметтік тексеріс басталды.
"Алдын ала анықталғандай, ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 22 мекемесінде сотталғандар туыстарынан дайын тағам алған. Тексеру барысында тыйым салынған тағамдар (алкогольді ішімдіктер) анықталмаған. Сотталғандардың ұялы телефон пайдалануы, сондай-ақ бейнебақылау камерасының объективін бүркемелеу фактілері бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды", - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомство ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, сотталғандар сәлемдеме және жеткізілім түрінде азық-түлік алуға құқылы екенін мәлімдеді. Олардың бос уақытта арнайы бөлінген үй-жайларда тамақтануға құқығы бар екені және бұл талаптар мекеменің барлық түріне қатысты екені түсіндірілді.
"Әрбір түскен ақпарат мұқият тексеріліп, заң бұзушылық расталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдаймыз", - деп хабарлады крмитеттің баспасөз қызметі.