Сауда және интеграция министрлігін кім басқарады

© Photo : Сайт ЕЭКМинистр по конкуренции и антимонопольному регулированию ЕЭК Арман Шаккалиев
Министр по конкуренции и антимонопольному регулированию ЕЭК Арман Шаккалиев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Жазылу
Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары болған Шаққалиев енді ведомствоны басқарады
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Шаққалиев Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.

Шаққалиев кім

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған.
Түрлі мекемелердегі қызметтерін қоса алғанда, 2018-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, 2019-2020 жылдары ҚР сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2020 жылдың қараша айынан бастап 2022 жылдың қазан айына дейін Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) болды. 2022 жылдың 11 қазанынан бастап Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Жаңалықтар
0