Облыс әкімі министр болып тағайындалды

© Акимат Акмолинской областиЕрмек Маржикпаев
Ермек Маржикпаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Жазылу
Ермек Маржықпаев бұған дейін Ақмола облысының әкімі қызметін атқарды
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Тоқаев туризм және спорт министрін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - деп жазылған Жарлықта.

Ермек Маржықпаев туралы не білеміз

Ермек Маржықпаев 1969 жылы туған. С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, "Тұран" университетiн, Көкшетау университетiн бітірген.
Еңбек жолын 1991-1992 жылдары дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмi, бокс жаттықтырушысы, орта мектепте тарих пәнiнiң мұғалiмi ретiнде бастады.
2007-2009 жылдары - Ақмола облысы мәслихатының депутаты;
2008-2012 жылдары - Аршалы ауданының әкiмi;
2012-2013 жылдары - Зерендi ауданының әкiмi;
2013-2014 жылдары - Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары;
2015-2019 жылдары - Көкшетау қаласының әкiмi қызметін атқарды.
2019 жылы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалды.
Жаңалықтар
0