https://sputnik.kz/20230902/marat-akhmetzhanov-ishki-ister-ministri-qyzmetinen-bosatyldy-38127946.html
Марат Ахметжанов ішкі істер министрі қызметінен босатылды
Марат Ахметжанов ішкі істер министрі қызметінен босатылды
Sputnik Қазақстан
Ол бұл қызметке 2022 жылдың ақпанында тағайындалған еді 02.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-02T10:06+0500
2023-09-02T10:06+0500
2023-09-02T10:18+0500
марат ахметжанов
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35125825_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8ef5afa65d2f7b921f0eaf510c90d89d.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда. Оның орнына Ержан Сәденов тағайындалды. Ол бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары болды. Ержан Сәденов кімПолиция генерал-майоры Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген. 1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастаған. Әр жылдары ШҚО-да ішкі істер саласында басшылық қызметте болған, одан бөлек Өскемен қаласы ІІБ-нің бастығы, Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары, ІІМ "Р" департаментінің бастығы, көліктегі ІІД бастығы, Ақмола облысы және елорданың полиция департаментінің бастығы сынды лауазымды қызметтер атқарған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35125825_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_30c70e4787822f7f17ac5fd5792ab2ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
марат ахметжанов
Марат Ахметжанов ішкі істер министрі қызметінен босатылды
10:06 02.09.2023 (жаңартылды: 10:18 02.09.2023) Ол бұл қызметке 2022 жылдың ақпанында тағайындалған еді
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Оның орнына Ержан Сәденов тағайындалды. Ол бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары болды.
Полиция генерал-майоры Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген.
1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары ШҚО-да ішкі істер саласында басшылық қызметте болған, одан бөлек Өскемен қаласы ІІБ-нің бастығы, Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары, ІІМ "Р" департаментінің бастығы, көліктегі ІІД бастығы, Ақмола облысы және елорданың полиция департаментінің бастығы сынды лауазымды қызметтер атқарған.