Елена Рыбакина US Open-2023 турнирінен шығып қалды

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Жазылу
Ол румыниялық теннисші Сорана Кырстядан жеңілді
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың ашық чемпионатының үшінші айналымындағы жарысты өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл кезеңде әлемнің төртінші ракеткасының қарсыласы румыниялық теннисші
румынка Сорана Кырстя болды. Ол әлемдік рейтингте отызыншы орында тұр.
Бірінші сетте Кырстя алда болды — 6:3. Екіншіде Рыбакина жеңді — 7:6 (8:6). Үшінші шешуші сетте Сорана 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч 2 сағат 49 минутқаа созылды.

1/8 финалда Сорана Кырстя швейцариялық спортшы Белинда Бенчичпен (13)кездеседі.
Айта кетсек, бұл турнир Рыбакина үшін аса маңызды болды. Ол жеңімпаз атанса карьерасында тұңғыш рет US Open 1/8 финалына шығып, жарыстың төртінші айналымына шыққан алғашқы қазақстандық болар еді.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына өте алмады
Жаңалықтар
0