https://sputnik.kz/20230902/bishkekte-adam-oltirgeni-ushin-izdeude-zhurgen-qazaqstandyq-ustaldy-38129898.html
Адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Бішкекте ұсталды
Адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Бішкекте ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қашқынды бет-әлпетін тану құрылғысы бар бейнебақылау камерасы арқылы қолға түсірген 02.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-02T12:14+0500
2023-09-02T12:14+0500
2023-09-02T12:17+0500
бішкек
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07e5/06/14/17391569_0:118:3303:1976_1920x0_80_0_0_a67738450d893ec5af743be585ccf744.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстанда Жамбыл облысының тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды. Көрші мемлекеттің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қашқын халықаралық іздеуде болған.Полицияның мәліметінше, 2022 жылдың 25 қыркүйегінде Жамбыл облысы Шу аудандық ауруханасына 23, 25 және 26 жастағы төрт жігіт оқ жарақатымен түскен.Кейін олардың бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көп ұзамай күдіктілер ұсталды, бірақ біреуі қашып үлгеріп, оған халықаралық іздеу жарияланды."Белгілі болғандай, ол Қырғызстан аумағында жасырынып жүрген. Осы жылдың 21 тамызында Бішкек қаласында бет-әлпетін тану мүмкіндігі бар бейнебақылау камералары іздеуде жүрген азаматты анықтады. Оқиға орнына барған Ленин ауданы күзет бөлімінің қызметкерлері (ІІМ Күзет қызметі) сауда кешендерінің бірінің аумағында іздеуде жүрген Қазақстан азаматы екені анықталған ер адамды ұстады", - деп хабарлады Қырғызстанның ішкі істер министрлігі.Ұсталғаннан кейін ер адам аудандық милиция басқармасына тапсырылды. Алайда сол күні кешке ол сараптамадан өтуге жеткізілген медициналық мекеменің аумағынан қашып үлгерген.Ұсталған азамат 2000 жылы туған Қазақстанның Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны болып шықты.
бішкек
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/14/17391569_318:0:3047:2047_1920x0_80_0_0_72c8d6a37c6978d36f4f53a1e872698f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бішкек, қырғызстан
Адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Бішкекте ұсталды
12:14 02.09.2023 (жаңартылды: 12:17 02.09.2023) Қашқынды бет-әлпетін тану құрылғысы бар бейнебақылау камерасы арқылы қолға түсірген
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстанда Жамбыл облысының тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды. Көрші мемлекеттің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қашқын халықаралық іздеуде болған.
Полицияның мәліметінше, 2022 жылдың 25 қыркүйегінде Жамбыл облысы Шу аудандық ауруханасына 23, 25 және 26 жастағы төрт жігіт оқ жарақатымен түскен.
Кейін олардың бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көп ұзамай күдіктілер ұсталды, бірақ біреуі қашып үлгеріп, оған халықаралық іздеу жарияланды.
"Белгілі болғандай, ол Қырғызстан аумағында жасырынып жүрген. Осы жылдың 21 тамызында Бішкек қаласында бет-әлпетін тану мүмкіндігі бар бейнебақылау камералары іздеуде жүрген азаматты анықтады. Оқиға орнына барған Ленин ауданы күзет бөлімінің қызметкерлері (ІІМ Күзет қызметі) сауда кешендерінің бірінің аумағында іздеуде жүрген Қазақстан азаматы екені анықталған ер адамды ұстады", - деп хабарлады Қырғызстанның ішкі істер министрлігі.
Ұсталғаннан кейін ер адам аудандық милиция басқармасына тапсырылды. Алайда сол күні кешке ол сараптамадан өтуге жеткізілген медициналық мекеменің аумағынан қашып үлгерген.
"Бірақ 29 тамызда ішкі істер органдарының қызметкерлері қашқын қазақстандықтың тұрған жерін анықтады. Ол жалдамалы пәтерде жасырынып жүрген. Сол жерде оны полиция қызметкерлері Қырғызстандағы Интерпол бюросының қызметкерлерімен бірге ұстады", - деп хабарлады министрліктегілер.
Ұсталған азамат 2000 жылы туған Қазақстанның Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны болып шықты.